Алаяқтар Қайрат Нұртастың атын жамылып, пайдаға кенеліп жүр

Гүлзира Айдарбекова кезекті жазбасында желіде ұлының атынан ашылған жалған парақшаларға тоқталып, олардың әншінің атын пайдаланып, табыс тауып жүргенін ашық айтты.
"Мына өтірік парақшалар жұртты алдап, біздің атымызды пайдаланып табыс көзге айналдыруы күннен-күнге көбейіп жатыр. Былтырғы жасаған жарнамамызды өз парақшаларына салуда. Біздің жеке парақшамыздан көрмесеңіздер сенуші болмаңыздар. Жарнама жасайтын болсақ, міндетті түрде өз парақшамызға саламыз. Ақшаларынан айрылып, шырылдап күйіп-пісіп жатқандар көбеюде. Алданып қалмаңыздар!!! Біздің нағыз парақшамызда көк галочка бар екенін ұмытпаңыздар", - деп жазды продюсер.