Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әйтеуір, мін іздеу»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың дауыс жоқ дегендерге жауап берді

«Әйтеуір, мін іздеу»: Гүлзира Айдарбекова Қайраттың дауыс жоқ дегендерге жауап берді

Танымал әнші Қайрат Нұртастың Шымкентте қала күнінен орай ұйымдастырылған концерттегі видеосы соңғы күндері қазақстандықтарды дүрліктіруде. Видеодан кейін көпшілік әншіні сынның астына алып, даусы жоқ екенін айтуда. Десе де оның монтаж екенін айтып, жақтағандар да аз емес. Осы жағдай жанына батса керек, Қайраттың анасы әрі продюсері жауап беруді жөн көрген,

«Маған ақталудың қажеті жоқ». Иә, Instagram желісіндегі жазбасын осылай бастаған продюсер Гүлзира Айдарбекова әнші ұлының өнерін дәлелдеп әлек. Айтуынша, мұның бәрі Қайратқа жаны қастардың жасап отырған арам әрекеті.
«Әрине маған ақталудың қажеті жоқ, сонда да болса жұртты кері пікірге итермелеп, осы уақытқа дейінгі Қайраттың бар еңбегін жоққа шығарғылары келіп отырған топтың құлақтарына алтын сырға. Қара пиғылды азаматтардың тапсырыспен Қайратты масқаралау үшін арнайы жасап отырған түрлі әдістері елді дүрліктіруде. Барлық мессенджерге таратылсын деген аудиохабарламалар қаптатып, жұмыс жасалынуда. «24 сағат бойына интернетте тұратын болсын» деп ақша төлегендерін де естідік», - деп жазды Айдарбекова.
Продюсердің сөзіне қарағанда, ұлына мін артып, сынаушылардан шаршаған сыңайлы. Ол Қайратты әр әншімен салыстырып, мін іздеп, өсек тарататындар туралы айтып, елімізде мұнан басқа да маңызды мәселелер бар екенін еске салды.
«Абыройды берген Алла, біткен күні Өзі алар. Бір Аллаға тапсырдым. Осындайда Қайраттың «Жаралы жанның әні бұл» атты әнінің «Күндестің күні қоңырау, соңымнан еріп әлі жүр» деген сөздері есіме түседі. Мына караокеде жанды дауыспен айтқан әндері, еліміздің бүкіл байқауларында алған жанды дауыстағы жетістіктері, жанды дауыста берген талай концерті өтірікке жанаспайтын шындықтар, инемен құдық қазғандай еңбектерімізді, қасықтап жиған абыройымызды шелектеп шаша салуға ниеттенгендер таңғалдырмай қоймады. Біресе әр шыққан әншімен салыстыру, бітпейтін шегі жоқ өсек, әйтеуір, мін іздеу.
Еліміздің басты мәселелері орын алып жатқанда, Қайрат кімнің қытығына тиді екен? Адам өлтіру, қыз зорлау, ұрлық жасау мұның қасында түк болмай қалғандай, «бүкіл мессенджерге таратылсын» деп дүрліктіріп әлек», - дейді әншінің анасы.
Әрбір істің артында қайыры бар, Алла қайырын берсін, деген Айдарбекова бұл жолы да сабырлық танытуды ұйғарған сияқты. 
Еске сала кетсек, бұған дейін Қайрат Нұрастың сахнада ән айта алмай қалған видеосы тараған еді.
https://stan.kz
05 шілде 2019 ж. 672 0