Толқын » Қоғам » "Отбасылық квартет болайық": Керменбаев Бақаеваға ерекше ұсыныс жасады
"Отбасылық квартет болайық": Керменбаев Бақаеваға ерекше ұсыныс жасады
Нұржан Керменбаев Салтанат Бақаеваға ерекше ұсыныс жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Арнау" дуэтінің әншілері Нұржан Кеменбаев пен Салтанат Бақаева жеке өнер көрсетуді де жөн көреді. Дуэттің де, жеке шығармашылықтың да жұмыстарын қатар алып жүрген әншілер бір-біріне қолдау көрсетуден де қалыс қалмайды. Мәселен, жақында шыққан Бақаеваның бейнебаянын желіге жүктеген Нұржан Керменбаев сахнадағы әріптесін құттықтауды ұмытпаған. Оған қоса, өнер иесі жаңа ұсыныс айтып, квартет құруды ұсынған. "Нұреке, Салтушок, құтты болсын! Жақында отбасылық ансамбль болып, "Арнау" квартеті болып шығайық концерттерге. Қалай болады екен? Жасаған жұмыстарыңыздың берекесін көргейсіздер", - деп жазды Нұржан Керменбаев. Нұржан Керменбаев ұсыныс жасағанмен, Салтанат Бақаева ыңғай танытпаған. Тек жазбаның астына рахмет айтып, пікір жазған әнші бұл ұсынысты жөн көрмеген сыңайлы.