Базарлық қасіреті
Базарлық!.. Осы бір жанға жайлы естілетін бір-ақ ауыз сөз қандай құдіретті! Әсіресе, кішкентай балалардың қуанышына айналар бұл сөз әжелердің аузынан жиі естілетін. Қыдырып барып келген жерінен уыс-уыс кәмпит-пешенай, бауырсақ әкелгенде, әжесінің құшағына кіріп кеткен немерелерінің қуанышын айтсаңшы!
Бүгінде бұл құдіретті сөздің аумағы кеңіп, дәрежесінің биіктегені сонша, «базарлық» дегенде, қарапайым адамнан жоғары дәрежедегі шенеуніктерге дейін балаша қуанатын болды. Бір қызығы, көбіне көп, кішкентайлар үлкендерге базарлық сыйлағыш болып алды. Дәлірек айтқанда, қолында билігі бар адамдарға қарапайым адамдар базарлық береді.
Мұндайда бастықтар балаша мәз болып, алақандарын шапаттайтын көрінеді. Бұл туралы алғаш рет туысқан апатайымнан естідім. Ол менен бес-алты жас үлкен болғандықтан,бес-алты жыл бұрын облыс орталығындағыбір жоғарғы оқу орнына оқуға түскен еді.
Апатайым мектепте жақсы оқыған. Ол жақта да жанын салып оқыпты. Алайда, бар қызық алғашқы семестрдің емтиханында басталыпты.
– Байкөзова!
Апатайымның көзі жыпылықтап кетіпті. Өйткені, апатайымның тегі «Байкөзова» емес, «Айкөзова» болатын.Неліктен «б» дыбысы тегінің атына қонжия қалғанын түсінбепті.
– Байкөзова, бері бел! Бабақты боқып болдың ба?
Апатайымның көзі алақандай болып, аузы аңқиып қалыпты. Мұғалім әр сөзінің алдына «б» дыбысын қосып, балпылдап тұр екен.
«Апыр-ай, ә!? – депті апатайым іштей, – кеше ғана сап-сау жүрген мұғалім бүгін неге сақаулана қалған? Апат айтып келмейді деген рас ау!
Әлде... мүмкін, болашақ қазақ тілінің маманы боласың ғой, мына жаргон сөзді анықтап ал деп әдейі айтып тұр ма?! Біз өзара сөздерін түсініп қоймасын деп кейбіреулердің буын қайталау арқылы, не буын тықпалау арқылы ауызекі сөйлесу жаргонын қолданады дегенді оқып едік. Сонда мұғалім алғашқы дыбысты өзгерту арқылы ауызекі сөйлесу жаргонын жасап тұрғаны ма?! Неге сөздер ылғи «б» дыбысынан басталып тұр?! Бұл жерде бір құпия бар ау?!»
Осыны ойлап, жағдайды тез арада ұғып алған зерек апатайым мұғалімнің әрбір сөзін түсіне бастайды.
– Бол, бей, бен быз!
«Бол, бей, бен быз!». Ә-ә, бұл: «Бол, әй, сен қыз!» дегені екен-ау! Қой, тез арада тапсырып шығайын деп ойлаған апатайым мұғалімнің алдына барып, сабақты нақышына келтіріп айтып берсе де, мұғалімі «быз-быз»етіп бызылдап қалыпты. «Аяқасты бұған не болған?» деп бет-аузына бажайлап қараса, мұғалімі «быз-быз» етіп, баға қойдыратын кітапшасын өзіне қайта лақтырыпты.
– Бық, бертең бойланып, байтып бел!
«Шық, ертең ойланып, қайтып кел!» дегені несі?!» – деп сүйретіле орнынан көтерілген ол сыртқа шығып, мойны салбырап келе жатса, алдынан құрбысы кездесе кетеді.
– Емтиханды тапсыра алмадың ба?! – деген құрбысына апатайым жағдайды бүкпесіз айтып беріпті.
– Мұғалімнің бызылдап қалғанына қарағанда, науқастанып тұр-ау?!
– Ойбай-ау, ол шынында да, науқастанып тұр. Оның ауруы – «базарлық!» Сен не, ауылыңнан келгеніңде базарлық бермеп пе едің? Аяқ асты бызылдап тұрғаны «базарлықты» есіңе түсіріп тұрғаны ғой!Базарлықтың бас дыбысы «б» емес пе?!
– Жо-жоқ, базарлықты үлкендер әкелетін сияқты еді...
– Ой, сен өмірден қалып қойған екенсің ғой. Қазір базарлықтың мәні өзгерді. Оны үлкен де, кіші де өз мақсаттары үшін әкеле береді. Тәуелсіз ел болғалы салт-дәстүріміз де ерекше жаңғырып, жаңа сатыға көтерілді. Өмірге бейімделіп, дамып қарыштағаны сол, жаңа заманға ере алғаны барынша күрделенді. Ал, ере алмағандары, яғни, «үлкенді сыйлау», «тура сөзге тоқтау», «адал жіпті аттамау» сықылды «көне ескіліктің қалдықтары» заманауи қолданыстан шығып қалып жатыр. Олар–нарық заманына ілесе алмаған, модадан қалған дәстүрлер!
– Апыр-ай, ә?! Не істеймін енді?!
– Келесі барғаныңда, сен де быз-быз етіп, базарлықты қолына қыстырып жібер!
Міне, құрбылардың осы өзара диалогынан кейін жағдай күрт өзгеріпті. Дүниенің есігі кең ашылғандай! Базарлық деген парольді айтса болды, арманы алыстамай, айналасында жүреді екен.
Мұғалімнің алдына барып: «Базарлық ішінде» деп, баға қойдыратын кітапшаңды тастай салсаң болды, базарлығыңның салмағына қарай өлшеп, бағаңды ала аласың, яғни мұғалім бағаңды өлшеп береді.
– Мінекейіңіз... – дейді барынша сыпайыланып.
Қандайы керек өзіңе?! Гранттан қағылмайтын баға керек пе, әлде сыпайы «орташа» баға керек пе, бәрін-бәрін кәнігі дүкенші секілді өлшеп бере қояды.
«Рахат! Тынысым кеңейіп сала берді!» – дейді апатайым.
Сөйтіп, жоғары оқу орнын базарлықтың арқасында жан ауырытпай бітіріп алып, ауылына келсе, үйінде әке-шешесі сыртқа шыға алмай, іш киімдерімен қалыпты. Бауырлары аш-жалаңаш іштері кеуіп, еріксіз жел шығарып, тақылдатып отыр екен.
Мұны көріп:
– Ойбай-ау, сендерге не болған?! – десе:
– Сені «базарлықпен» оқытам деп, малдан да, дүние-мүліктен де айырылып қалдық қой, жарқыным! Енді орнын жұмыс істеп толтырарсың, – деп қар-а-п тұр екен апатайымның байғұс ата-анасы.
Апатайымның сөздерінен соң, қатты ойланып, базарлықпен айналшықтап оқығанша, Арқа асып оқиын деп, Көкше жерінен бір-ақ шықтым.
Алғашқы күні ауылдан әкелген базарлығымды қазақтың салт-дәстүрі бойынша жатақхана қызметкерлері отырған жерге апардым.
Апарғаным бар болсын, ірімшік-құрт салынған қалтаны көргенде, жатақхана қызметкерлері шошынғанда да, бейнебір ескерткіш болып қатты да қалды. Біреуі:
– Вз... Вз... – деді.
– Иә, – дедім, – бұл – базарлық!
Ойымда ештеңе жоқ, бұрылдым да жүре бердім.Бірақ, жолшыбай бөлмеме келе жатып, ойланып қалдым. «Апатайым айтқандай, бұлар қуана қойған жоқ! Неге?! Керісінше, жақтырмай қалды ғой!»
Біршама уақыттан соң, сыртқа шығайын деп, әлгі жатақхана қызметкерлері отыратын бөлменің жанынан өте бергенімде, қатты таңғалдым. Бір-біріне қарап қалған қызметкерлер әлі қалшиып тұр екен. Базарлығым ортада. Жандарынан өте бергенімде:
– Әй, қыз, мынауың не? Взятка емес пе? – деді біреуі даусы қалтырап шығып.
Мен таң-тамаша қалдым. «Взятка» дегені – пара емес пе?». Енді мен шошып кеттім.
– Апай, бұл – «взятка» емес, базарлық! Қазақта сондай салт-дәстүр бар. Алыстан келген адам ауылының асынан ауыз тигізіп, жақындықты білдіреді. Бұл – пара, сый-сияпат емес!
Бұлар сонда да ештеңе түсінбеді.
«Қайран қазағым-ай! – дедім ішімнен, – қазақтың салт-дәстүрі - базарлықты таза қазағымыз асыра сілтеп, параға айналдырса, шала қазағымыз санасынан шығарып, орысша «пара» деп ұғып, шошынатын болыпты ғой!»
Қазақтың салт-дәстүріндегі ағайын-туыстықты, жақындықты білдіретін «базарлық» атты әдемі, балаларға қуаныш әкелетін, балалардың қуанышы арқылы сыйластықты тереңдете түсер кішкене сыйлықты біреуіміз дабырайтып, жеке мүддеге пайдаланып, қадір-қасиетін жоғалтсақ, біреуіміз орыстанамыз деп жүріп санамыздан мүлде алып тастаппыз!
Қайран базарлығым - ай!.. Қайран салт-дәстүрім-ай!..
Нұргүл НҰРБАЙҚЫЗЫ