Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кореядағы қазақ қызы

Кореядағы қазақ қызы

Білімнің салтанатқұрған дәуірінде тәуелсізҚазақстанның дамуыүшін әрбір жастың ізденіспен білімге құштар болуы– басты міндет. Әрине,бейбіт елдің болашағы өзқолында екенін сезінетінжастар қатары бүгіндекөбейіп келеді. Ғылыммен білім жолында шетеласып, сол жақта қазақтыңдеңгейін көрсетіпжүргендер қаншама.
Солардың бірі – жерлесіміз Нұршат Скендірова. Арал қаласындағы №83 орта мектепте білім алған Нұршаттың ынтасы мен білімге деген қызығушылығы мектеп қабырғасында жүріп-ақ танылды. Түрлі пәндік олимпиадаларға қатысып, жоғарғы нәтижеге ие болып, мектепті үздік аяқтады. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ІІІ курсында білім алатын жас жерлесіміз облыс әкімінің грантымен оқып жатыр. Филология, тариx және құқық факультетінде ағылшын, корей тілдерін меңгеріп жүрген білімді жастың жоғары оқу орнында да бағындырған белестері жетерлік. «Samsung Electronics» компаниясының өкілдері Қызылорда қаласына келген сапарында ең үздік нәтиже көрсете білген Нұршатқа арнайы 145 000 теңге көлемінде стипендия тағайындап, бағалы сыйлықтар табыстаған. Қазіргі таңда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде үздік оқығаны үшін «екі диплом» бағдарламасы аясында Оңтүстік Кореяда оқуға мүмкіндік алып, аталған елдің астанасы Сеул қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Енгин қаласындағы Кангнам университетінің студенті атанып үлгерді. Баланың жетістігі қашан да ата-ананың қуанышы емес пе?! Нұршатының осындай жетістікке жеткенін атасы Шеризат Мамбетов пен әжесі Малика Дуабаева да зор мақтанышпен айтып отыр.
– Екеуміз де осы №83 мектептен зейнетке шығып отырмыз. Баламыздың білім көрсеткіші жоғары екенін мектеп ұстаздарынан естіген сайын қуанатын едік. Ал қазіргі қуанышымызды тіпті қалай жеткізерімізді білмейміз. «Баласы атқа мінсе, үйде отырып тақымын қысатын» қазақпыз ғой. Әуелгіде шет елде білім аламын дегенде қорыққанымыз рас. Бірақ, қазіргі заман талабы сол ғой. Тіл біліп, ел көріп, олардың мәдениетімен, ғылымымен жақын таныс болу мүмкіндігін қолдан шығарып алмасын деп, батамызды беріп
жібердік. Енді міне, сол батамыз қабыл болып, қызымыз Оңтүстік Кореяда өз білімін шыңдап жатыр, – дейді.
Тағы бір айта кетерлігі, 22-28 сәуір аралығындағы Сеулдегі Қазақстанның мәдени аптасында қазақтың салты мен дәстүрін насихаттап, ұлттық нақышымыз бен киімімізді көрсетті.
– Бұл жақта тек Қазақстаннан ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен студенттер бар. Бұл қазақ елінің  жастары үшін әлемнің есігін ашатын үлкен мүмкіндік. Әр елдің мәдениетін, тарихын, дәстүрін тануға болады. Апталықтың ашылу шарасында қазақтың құндылықтарын баршаға танытып, олардың қаншалықты қызыға тамашалағанын көргенде менен бақытты жан болмады, – дейді Нұршат Скендірова.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
06 мамыр 2019 ж. 2 078 0