Корей мәдениеті күндері Қызылордада
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Сыр өңіріне келген Корей республикасының Бас консулдығының Бас консулы Ким Хынг Су мен Кангнам университетінің профессоры Ким Филмен кездесу өткізді.
Бұл делегацияның келу мақсаты – корейтану Академиясының «Корей мәдениетінің күні» жобасын іске асыру болды. Сыр өңіріне Корей Республикасынан келген меймандарға университет тарапынан құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, Корейден келген делегация мүшесі Бас консул Ким Хынг Су «История Кореи и аспекты развития» тақырыбында дәріс оқып, филология, тарих және құқық факультетінің корей бөлімінде білім алатын студенттермен кездесті. Кездесуден кейін университет студенттері мерекелік «Корей мәдениетінің ашылуының» салтанатты шарасы мен арнайы дайындалған сайысқа қатысты.
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында өткен мерекелік шараны ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Қ.Омаров сөз сөйлеп ашып берді. Сондай-ақ, шара барысында мектеп оқушылары мен студенттерге викториналық сайыс ұйымдастырылып, жеңіс тұғырынан көрінген жастарды Бас консул Ким Хынг Су арнайы марапаттады. Мерекелік шараның соңында студенттер мен оқушылар Корей елінің арнайы дайындалған ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Т.Бағдатқызы.Бұл делегацияның келу мақсаты – корейтану Академиясының «Корей мәдениетінің күні» жобасын іске асыру болды. Сыр өңіріне Корей Республикасынан келген меймандарға университет тарапынан құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, Корейден келген делегация мүшесі Бас консул Ким Хынг Су «История Кореи и аспекты развития» тақырыбында дәріс оқып, филология, тарих және құқық факультетінің корей бөлімінде білім алатын студенттермен кездесті. Кездесуден кейін университет студенттері мерекелік «Корей мәдениетінің ашылуының» салтанатты шарасы мен арнайы дайындалған сайысқа қатысты.