Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАС КӘСІПКЕР БАЛЫҚ ЫСТАУ ЦЕХЫН АШТЫ

ЖАС КӘСІПКЕР БАЛЫҚ ЫСТАУ ЦЕХЫН АШТЫ

Тірліктің көзін тапқан адамға балық шаруашы­лығы–берекесі мол кәсіп түрі. Бір балықтың өзінен алуан түрлі өнім алуға болады. Бүгінде Арал ай­дынынан ауланған балық түрлері шетелде жоғары сұранысқа ие. Бұл өз кезегінде балықтан несібе тапқан халықтың берекелі тірлігін келтіруде. Сондай-ақ, балықтың ысталған түрі де, әсіресе, Аралдың ысталған балығы жасалу техникасының ерекшелігімен көптің көңілінен шығып жүр. Осыны аңғарған Бекбауыл ауылының тұрғыны ысталған балық өнімдерін шығаратын цех ашты.
–Бұл кәсіпті бастамас бұрын Байқоңыр қаласында сұранысқа сәйкес ысталған балық өнімдерін өңдеп, са­тып жүрдім. Аталған кәсібім маған мол табыс әкеле бас­ тады. Сонан соң, мұны одан әрі дамыту керек екендігін түсініп жоба жасап, «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығына ұсындым. Сәтін салып жобам қолдау та­ уып, «Даму» қоры арқылы грантқа ие болдым, – деп Жеңісбек әңгімесін бастады.
Жеңісбек Қонысбаевтың аталған жобасы 1 милли­ он 100 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алды. Соның арқасында ол ойға алған цех жұмысын жолға қойды. Ал­ дымен, ыстауға қажетті испан технологиясы негізіндегі құрылғы мен мұздатқыш сатып алды. Ал, қажетті балық өнімін ауыл балықшыларынан алып отырды. Осылай­ша, Жеңісбектің кәсібі қарқын алып, жандана бастады.
–Негізінен, ысталған балықты Арал мен Қазалының кәсіпкерлері көптеп сатып алады. Өйткені, өнім ау­ данда сұранысқа ие. Бұдан бөлек, сырттан келетін қонақтарға да таптырмас базарлық. Балық бағасы 1000 теңгеден басталады. Бір айда шамамен 150-ден астам балық саудаға салынады,–дейді жас кәсіпкер.
Мектепте бағдарламашы болып жұмыс істейтін Жеңісбек цехқа 1 жұмысшы қабылдаған. Алдағы уа­қытта жұмысын одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Балық өнімдерінің түрлерін молайтып, фаршталған, консервіленген түрлерін шығаруды ойға алған.
–Бізді мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге осын­дай қолдау көрсетіліп отырғандығы қуантады. Бір ғана мен емес, қаншама кәсіпкер өздерінің тың жобала­рын жүзеге асыруға мол мүмкіндік алды, – деген жас кәсіпкер Жеңісбек, кәсіпкерлікті қолдау бағытында жеңілдіктер жасаудың тиімді тұстарын атап өтті.
Шынымен де, Арал айдыны балықтың қорына бай. Осы байлығымыздан түрлі өнімдер өндіріп, нарыққа шығару–кәсіптің түрін дамытып қана қоймай, жаңа белестерге жол ашады.
Назерке МАРАТҚЫЗЫ.
29 мамыр 2018 ж. 1 594 0