Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

6 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

1925 жылы   Әлихан Бөкейханов жасаған «Қобыланды» жырының бiрiншi зерттеулерінің нәтижесі «Таң» журналында жарияланды.
Қазіргі жер бетіндегі мыңдаған этностар санаулы ғана жырларды туғызады. Мысалы, гректердің «Илиада» немесе «Одиссея», үндістердің «Махабхарата» немесе «Рамаяна» сынды жырларын келтіруге болады. Қазақ халқында, егер нұсқаларымен бірге есептейтін болсақ, мыңдаған эпостық шығармалар бар. Тек қана, «Қобыланды батыр» жырының 29 нұсқасы бар екен. «Қобыланды» жыры қазақ жырларының арасында ең көп зерттелген.
Жырдың нұсқаларында батыр 5 түрлі кезеңде (9 ғасырдан 18 ғасырға дейін) өмір сүрді деп көрсетіледі. Ал шын мәнінде ол 15 ғасырда Әбілқайыр ханның тұсында және Қазақ хандығының құрылу кезінде өмір сүрген. Көлемді жыр бірден жасалған жоқ, оны жазу кезінде, ол өмірдің қажеттіліктеріне қарай, тарихи кезеңдерге сәйкес өзгертілді. Бұл тарихи ескерткішті сақтауға және дамытуға көптеген жыраулар ат салысты, халық ертегілерінің сансыз жолдарын ұрпақтан ұрпаққа өсиет етіп беріп отырған. Қобыланды туралы жырды тұңғыш рет В.Радлов басып шығарды.
1927 жылы   Оралда әйгілі өнер зерттеушісі, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевичтің (1869-1936) ұйымдастырған алғашқы қазақ музыкасының кеші болып өтті.
А.Затаевич әуелі «Қазақ халқының 1000 әнін», содан кейін «500 ән-күйді» жинап бастырғаны белгілі. Ол қазақ ән-күйін жинап қана қоймай, қазақ өнерпаздарының Мәскеуде өнер көрсетіп, таныла түсуіне атсалысты. Ал 1923 жылғы 24 қазанда Мәскеуде ол тұңғыш рет қазақ музыкасының кешін ұйымдастырды. 1927 жылы осындай концерт Мәскеу консерваториясында қойылып, онда орыс ұлт аспаптар оркестрі А.Затаевич өңдеген күйлерді орындады.
1944 жылы Алматы қаласында жасөспірімдер театрын құру туралы КПОК (б) мен Кеңес халық комитетінің Қаулысы шықты. Бүгінде ол Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Мемлекеттік академиялық орыс балалар театры деп аталады.
1985 жылы   «Богатырь» көмір разрезі әлемдегі ең ірі разрез ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның жобалық қуаты - жылына 52 миллион тонна көмір.
1995 жылы   Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» Жарлығы жарық көрді.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның жаңа Конституциясын ресми таныстыру салтанаты өтті.
1997 жылы алғаш рет қазақша күрестен әлем чемпионаты өтті.
2000 жылы Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 55-мерекелік сессиясы басталды. Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, баяндама жасады. 2011 жылы Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің арасында алғаш рет азаматтық бюджетін жариялады. ҚР Қаржы министрлігі ресми сайтында алғаш рет мемлекеттік бюджеттің техникалық емес нұсқасын жариялады. Соның арқасында қазақстандықтар бюджет қаражаттары қалай жұмсалып, игерілетіні туралы біліп отыру мүмкіндігін алды.
2012 жылы   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Рим Папасының уәкілі, Киелі Тақ кардиналдар алқасының деканы, кардинал Анджело Соданомен кездесті.
2013 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында делегация жетекшілері мен бірқатар мемлекет басшыларымен кездесті.
https://www.inform.kz/kz/6-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3560295
06 қыркүйек 2019 ж. 849 0