Толқын » Қоғам » Нұр-Сұлтан vs Нұрсұлтан: Бас қаланың атауы тағы өзгере ме
Нұр-Сұлтан vs Нұрсұлтан: Бас қаланың атауы тағы өзгере ме
Нұр-Сұлтан әкімдігі қала атауының тағы да өзгеруіне қатысты пікір білдіріп, желіде тараған ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде «Нұр-Сұлтан қаласы атауының тағы да өзгеретіні» туралы ақпарат қызу талқыға түсті. Бірі бұл өзгеріске бей-жай қарайтынын жеткізсе, енді екіншілері түбегейлі қарсы екенін айтуда. Кейінгілердің қатарында саясаткер Мұхтар Тайжан да бар. «Нұр-Сұлтанды Нұрсұлтанға ауыстыруға қарсымын. Тағы бекерден бекер ақша шашудың қажеті жоқ. Бәрібір бұл атау уақытша ғана деп білемін», - деп жазды ол. Әлеуметтік желі қолданушылары өз кезегінде бұл пікірді қоштай түсті. Дені қарсы екенін жеткізді. Арасында жаңалықтың жалған екенін айтқандар да болды. Желіде таралған ақпаратқа қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы пікір білдіріп, жаңалықтың шындыққа жанаспайтынын айтты. «Иә, мұндай ақпараттың таралып жатқанын білеміз. Бірақ бұл жалған ақпарат», - деді әкімдік қызметкері Ақмарал Әкімжанова. Сондай-ақ, желі қолданушылары мұның босқа шығындалу екенін айтты.