Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арыс халқы жыл соңына дейін салықтан босатылады

Арыс халқы жыл соңына дейін салықтан босатылады

Ал осы қиын жағдайға тап болған Арыс халқы жыл соңына дейін салықтан босатылады. Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті осындай шешім қабылдаған.

Осылайша, "тоғыз жолдың торабындағы" тұрғындардан салық өндіріп алудың мәжбүрлеу шаралары мен тәсілдері қолданылмайды. Бұдан бөлек, тіршілік қайта жанданып жатқан Арыс арқылы пойыздар қайта жүре бастады. Ал полицейлер қысылтаяң кезде жалған ақпарат таратып, иелді дүрліктіргендердің әрекене құққыьық юаға беруде.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Арыс қаласында 800-ге жуық заңды тұлға бар екен. Мұнан бөлек, үш мыңнан астам кәсіпкер мен 66 мыңдай жеке тұлға шағын және орта бизнеспен айналысады. Жуырдағы жарылыстан олардың кәсібі уақытша тоқтап, тұралап қалған. Осыны ескерген құзырлы орган жыл соңына дейін олардың бәрін  салықтан босату туралы шешім қабылдады. 
"Тіршілігі қайта жанданған Арыс қаласы арқылы қайтадан пойыздар арлы-берлі жүре бастады. Осы күні билет кассалары штаттық режимде жұмыс істеуде. Күнделікті бағытпен жолаушылар сапарға шығып жатыр. Ал, маусымның 24-і мен 28-і аралығында сатылған билеттерге кеткен ақша қайтадан иелеріне қайтарылған", - деді қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің өкілі.
Сондай-ақ, қысылтаяң кезде түрлі алып-қашпа әңгіме айтып, шындыққа жанаспайтын қауесеттерді таратқандар да анықталып жатыр. Қызды-қыздымен тіліне ие бола алмай, жалған ақпарат жариялағандар енді елден кешірім сұрап әлекке түсуде. 
"Арыс қаласындағы жарылыстан 150-200 әскери, 100 қарапайым халық мерт болды деп жалған ақпарат таратқаным үшін Қазақстан халқы алдында, Арыс қаласы халқы алдында кешірім сұраймын", - деді айыпталушы. 
"Мен осы берілген жалған ақпаратты іс жүзінде заңға қайшы екенін дұрыс жасамағанымды түсіндім. Түсіне отырып, кешірім сұраймын, Құрметті қазақстандықтар, оңтүстік өңірінің және Арыс қаласының тұрғындары! Мен жіберген қателіктерді Сіздердің жібермеулеріңізді өтінемін және Сіздерден тағы да кешірім сұраймын!", - деді енді бірі. 
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жалған хабар таратқан алты адам ұсталыпты. Үш күдіктіге қатысты тергеу амалдары басталса, қалған үшеуі түсіндірме жұмысынан кейін үйлеріне босатылыпты. 
"Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Ал, қалған үш азаматпен арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деді облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қарагөзова.
Күні кеше бас прокуратура әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқандардың жауапқа тартылатынын ескертті. Құзырлы орган өкілдерінің хабарлауынша, жалған ақпараттың таралуы салдарынан ел арасында үрей туып, соңы заңсыз наразылыққа әкеп соққан.

https://stan.kz  

04 шілде 2019 ж. 470 0