Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі көліктер салықтан босатылуы мүмкін

Қозғалтқыш көлемі 3-ке дейінгі көліктер салықтан босатылуы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі ұлттық табыстың халыққа әділетті бөлінуіне назар аудара отырып, салық жүйесін модернизациялау жолында қандай шаралар қабылданатынын айтты, деп хабарлайды LS.
Хабарланғандай, жалпыға ортақ кірістер мен шығыстар декларациясы енгізілгеннен кейін жеке табыс салығы (ЖТС) үшін прогрессивті шкала енгізу қарастырылуда. Бұл құралды одан ертерек енгізу – ресми жалақыны өтірік төмендетіп, ЖТС төлеуден жалтару қаупіне әкелуі мүмкін.
Мекеме мамандары айтқандай, прогрессивті салықты енгізу үшін келесі шарттар сақталуы керек: елде орташа табыстылардың үлесі жоғары және тұрақты деңгейде болуы, жеке тұлғаның әртүрлі көздерден алатын жиынтық кірістеріне тиімді салық енгізу, халықтың жоғары салық мәдениеті және халықтың прогрессивті шкаланы дұрыс қабылдауы.
"Қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейінгі автокөліктер үшін салықты алып тастау мен салықты бензин құнына қосу жағы да қарастырылуда. Бұл шара ұлттық табысты әділетті бөлу тетіктерінің бірі болады деп санаймыз", - деді министрлік өкілдері.
Министрлік сонымен қатар сыра мен қыздырылатын темекі өнімдері, никотині бар сұйықтықтар сияқты әлеуметтік зиянды өнімдерге акциздік ставкаларды көтеруді, сондай-ақ қымбат алкоголь мен темекі өнімдеріне салықты көтеруді ұсынады.
Бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесін модернизациялау туралы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы атап өткендей, ЖІӨ мен халықтың табыстарының өсуіне қарамастан, Қазақстанның қоғамында мүліктік алшақтық күшейіп отыр.
https://alashainasy.kz/economica/kozgaltkyish-kolem-3-ke-deyng-kolkter-salyiktan-bosatyiluyi-mumkn-128159/


14 қыркүйек 2019 ж. 800 0