Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық мөлшері азаяды

Салық мөлшері азаяды

Парламенттің қос палата отырысында Қазақстан Республикасының Президентімен 5 әлеуметтік бастамасын ұсынған болатын. Бастама әлеуметтік жаңғыру жолында, жаңа ауқымды қадам жасауға бағытталып, еліміздің тұрғын үй, білім беру, кәсіпкерлікті дамыту және газдандыру салаларын қамтыйды.Екінші бастамада жалақысы 25 айлық есептік көрсеткіштен төмен жалақы алатын жұмысшылардың, 2019 жылдың 1 қаңтардан бастап төлем көзінен ұсталынатын жеке табыс салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз ғана салық салуды ұсынды. Нәтижесінде жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің, 2 миллионнан астам адам, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай көбейту күтіледі. Нақты айтқанда 60125 теңгеден төмен жалақы алатын жұмысшылардың, қолына алатын табысы 4-5 пайызға өседі. Сонымен қатар табыс салығын прогрессивті шкаласын енгізу мүмкіндігін зерделеуді айтып, Үкімет отырысында бұл бастаманы орындау мақсатында бағдарлама қабылдап, жауапты Министірліктер бекітіліп жүзеге асыруды қолға алып отыр. Бұл Ел басымыздың әлеуметтік теңдестікке қарай бағытталған оң саясаты деп санаймын.

Р.Құлманов,
Арал ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасының бөлім басшысы
16 наурыз 2018 ж. 1 264 0