Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 24 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

24 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

Халықаралық керуеншілер күні
Жыл сайын 24 қыркүйекте Халықаралық керуеншілер күні кәсіби мерекесі аталып өтеді. Бұл мерекені керуенбасылар, көлік колонналары мен кеме керуендері құрамындағы адамдар, алыс жолға қатынайтындар, сауда кемелерінің командалары мен экспорт кемелерінің экипаждары тойлайды.
1934 жылы Ұйғыр музыкалық комедия театры құрылды. Театр 1941-1961 жылдары Еңбекші қазақ ауданында болған, кейінірек Алматы қаласына қоныс аударған. 1964 жылы атауы Республикалық ұйғыр музыкалық драма театры деп өзгерген.
1996 жылы Нью-Йоркте Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарт қол қоюға ұсынылды. Құжатқа сәйкес, қатысушы мемлекеттердің әрбірі сынау үшін ядролық қаруды жармау, өз бақылауындағы кез келген жерде ядролық жарылысқа тыйым салу міндетін алды. Қазақстан құжатқа 1996 жылғы 30 қыркүйекте қол қойып, 2001 жылдың 14 желтоқсанында ратификациялады.
1997 жылы Франция ұлттық типографиясында жаңа қазақстандық пошта маркасы жасалды. Онда Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың суреті мен республика картасы бейнеленген.
2005 жылы Петропавлда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Жобаның авторы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Хасен Абаев. Петропавлда ескерткіш орналасқан жерде бұрын Халықтық Ішкі істер комиссариатының ғимараты орналасқан болатын. Ескерткіштің іргетасына шойын жолға бекітілген пирамида орнатылған. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» деген жазу қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Үшбұрышты пирамида - бұл бәріне белгілі адам символы болып табылады. Ол шойын жолға бекітілген сияқты, сол жолмен кезінде репрессияға ұшырағандарды Қазақстанға жеткізген. Шетінде - үш жол, ол жарлық шығарған сталиндік «үштікті» бейнелейді. Композицияда үш түс пайдаланылған: қара түс - өлім, қызыл түс - қан, ақ түс - болашаққа деген сенім мен үміт. Ескерткіш орнатылған алаңда қазіргі заманғы талаптарға сай жасалған шағын бақ ашылды.
2011 жылы «Еуразия» VII Халықаралық кинофестивалінде қазақ режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов пен режиссер Сано Синдзюдің «Найзағай алдында» картинасы үздік фильм атанды.
2012 жылы Павлодарда Шоқан Уәлиханов пен Григорий Потанинге ескерткіш ашылды.
XIX ғасырда тұрып, Қазақстанның мәдениеті, ғылымы және әдебиетіне үлкен үлес қосқан екі көрнекті тұлға, екі дос қоладан жасалған мүсіндік композицияда мәңгі есте қалдырылды.
«Ш. Уәлиханов пен Г. Потанин» мүсіндік композициясының биіктігі 3,6 метр, ол танымал қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұровтың жұмысы. Оның тұғыры өңделген гранитпен қапталған.
2013 жылы Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдары Иран мен Үндістаннан XI-XVIII ғасырларға тән, Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар 40-қа жуық көне қолжазбалардың көшірмесін әкелді. Құжаттарды Қазақстан ғалымдары «Тарих ағынындағы халық» бағдарламасы аясында Иран Ислам Республикасы мен Үндістанның музейлеріне ұйымдастырған экспедициясы кезінде тапты.
2013 жылы «Шал» фильмінің сценарисі әрі режиссері Ермек Тұрсынов XXII ашық кино фестивалінің бас жүлдесін – «Алтын лозаны» жеңіп алды. «КиноШок-2013» - ТМД, Латвия, Литва және Эстония елдерінің ашық фестивалі. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлде қазақтың «Шал» фильміне берілді. Ал аталған фильмде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғұзақов «Үздік ер адам рөлі» аталымындағы жүлдені жеңіп алды.
2018 жылы Ақтөбе қаласының 5-шағын ауданында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың атындағы көпір ашылды.
https://www.inform.kz/kz/24-kyrkuyek-kazakparat-kuntizbesi_a3567519
24 қыркүйек 2019 ж. 725 0