Сатаев жаңа фильмге не үшін Головкинді емес, Сәпиевті таңдағанын айтты

Жыл басында Сатаев "Боксшы" фильміне кастинг жариялап, жаңа кино туындыға түсетін актерді іздеп жүргенін жариялаған болатын.
"Боксшы" – бұл фильмнің бастапқы атауы, бұл барлық чемпионымыздың образы. Бірақ біз Серік Сәпиевтің өмірбаянына сүйенеміз", - деді Сатаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда журналистер Сәпиевтің өмірбаянын неге таңдағанын сұрады. Себебі одан бөлек Головкин сияқты әлемдік бокс шыңына шыққан спортшылар бар. Режиссердің сөзіне қарағанда, бұл – идеологиялық жұмыс.
"Біз кино түсіргенде біреуді мақтап-мадақтауды мақсат етпейміз. Бұл, шынымен де, қаһарманның тарихы, чемпионның жүріп өткен жолы. Біз Генадий Головкин, Бекзат Саттарханов туралы фильмдерді де түсіруге қарсы емеспіз.", - деп жауап берді Сатаев.