Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Томирис" фильмінің трейлері шықты

"Томирис" фильмінің трейлері шықты

Сақ патшайымы туралы түсірілген фильмнің трейлері шыққанын режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Трейлердің қазақша және орысша нұсқаларын желілерден көре аласыздар."Достар, зор қуанышпен назарларыңызға көптен күткен трейлерімізді ұсынамыз. Туынды күзде жарыққа шығады", - деп жазды Ақан Сатаев. 
Томиристің рөлін 1990 жылы туылған жас актриса Альмира Тұрсын ойнайды. Кинокартинада бой көрсету үшін актриса аттың үстінде жүру және сахналық күрес курстарынан өткен. 
"Альмира үшін бұл үлкен кинодағы дебьют болмақ", - дейді Ақан Сатаев.
Туындыда сақ патшайымы Томиристің кең даланы жаулап алмақшы болған парсылармен соғысын көрсетіледі. Фильм ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен түсірілген Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм"  мен "Сатайфильм" студияларының бірлескен жобасы.
Естеріңізге сала кетейік, Ақан Сатаев - қазақстандық режиссер, "Рэкитир", "Анаға апарар жол", "Жаужүрек мың бала" фильмдерінің авторы, Sataifilm студиясының басшысы.
https://stan.kz
18 шілде 2019 ж. 1 483 0