Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 3 ҚАЗАН

ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ: 3 ҚАЗАН

Тоқты (21 наурыз – 20 сәуір)
Бүгін бастаған істеріңізді аяқтауға өте қолайлы күн. Берген уәделеріңізді орындап, қарыздарыңызды қайтарыңыз.
Торпақ (21 сәуір – 21 мамыр)
Біреу сізге өз құпиясын ашуы мүмкін. Және ол ақпарат сізге пайдалы болады. Бірақ біреудің сеніміне селкеу түсірмеңіз.
 
Егіздер (22 мамыр – 21 маусым)
Жаңа таныстармен араласқанда абай болыңыз. Бар шешендігіңіз бен өнеріңізді салуға тура келеді.
 
Шаян (22 маусым – 22 шілде)
Қиындықтарға ұшырамас үшін өткерген тәжірибелеріңізге назар аударыңыз. Әріптестеріңіздің қолдауына сүйенуіңізге болады.

Арыстан (23 шілде – 23 тамыз)
Ашуыңызға абай болыңыз, Ашумен талай дүниені бүлдіруіңіз мүмкін. Өшіңізді өзгелерден алып жүрмеңіз.
 
Бикеш (24 тамыз – 22 қыркүйек)
Бүгінгі күн есте қаларлықтай болады. Өзгелердің ықпалына түсіп қалмаңыз. Тәуекелге бармаған абзал.

Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Жолда және қоғамдық орындарда мұқият болыңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз.
 
Сарышаян ( (23 қазан – 21 қараша)
Бүгінгі күн шытырман оқиғаларға толы болмақ. Жаңа адамдармен танысуыңыз мүмкін немесе жаңа жұмыстан ұсыныс түсуі мүмкін.

Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Бүгінгі күн білім алатын күн. Жаңа ілім, білім, ақпарат алатын күн. Алған ақпаратты оңай игересіз.
 
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Бұрын жоспарлаған істеріңізді кейінге шегере тұрыңыз. Кешке романтикалық кеш ұйымдастырыңыз.
 
Суқұйғыш (21 қаңтар – 19 ақпан)
Өзгелердің дауына араласпаңыз. Бәрібір ақиқатқа қол жеткізе алмайсыз. Күш-жігеріңізді бекер сарқасыз.

Балықтар (20 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін бойыңызды немқұрайдылық байқалуы мүмкін. Күндіз өз-өзіңізді қолға алып, кешкісін ертерек жатуға тырысыңыз.
http://reactor.inform.kz/kz/zhuldyz-zhoramal-3-kazan-a79763
03 қазан 2019 ж. 1 708 0