Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан атынан «Әлемнің үздік мұғалімі» байқауына кімдер қатысады

Қазақстан атынан «Әлемнің үздік мұғалімі» байқауына кімдер қатысады

 «Әлемнің үздік мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан 11 педагог қатысатын болды, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Нұрсұлтанқызы «Әлем мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне еліміздің атынан қатысатын 11 педагогтың есімдерін жариялады. Қазақстан педагогтарының жаһандық сыйлыққа қатысуы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының – Халықаралық Варке қайырымдылық қоры («Varkey GEMS Foundation») құрылтайшысы болып табылатын Дүниежүзілік сыйлықтың Қазақстандағы ресми өкілінің қолдауымен мүмкін болып отыр», - делінген Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры таратқан ақпаратта.

Үздік кандидаттарды құрамына Білім және ғылым министрлігінің, ата-аналар қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім саласындағы тәуелсіз сарапшылар, филантроптар кіретін Тәуелсіз судьялар академиясы PricewaterhouseCoopers халықаралық аудиторлар командасының бақылауымен іріктеп алған.
Сонымен, Дубайда 2020 жылдың наурыз айында өтетін, педагогтар үшін Нобель сыйлығының баламасы саналатын «Әлем мұғалімі» Халықаралық премиясына өтінімдері жіберілетін мұғалімдер мыналар:
1.⠀Албаева Тамара Ғабитқызы - Ақтөбе қаласы №23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;⠀
2. Әлиева Ләззат Нұрғалыққызы - Нұр-Сұлтан қаласы РФММ филиалының география және жаратылыстану мұғалімі;
3. Базарғалиева Баян Теміржанқызы – Ақтөбе облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мамандандырылған лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі;⠀
4. Долаев Архат Садырбайұлы – Алматы қаласы РФММ математика мұғалімі
5. Қалмаханова Айгүл Базарбайқызы - Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;⠀
6. Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы - Алматы қаласы №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;⠀
7. Надирова Гүлсім Кұрманбайқызы - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылындағы «Өтес» орта мектебінің география пәнінің мұғалімі;⠀
8. Орынбеков Арман Шымбайұлы - Шымкент қаласы №90 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;
9. Тілеулов Ербол Эрнстұлы – Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы НЗМ дене шынықтыру мұғалімі;⠀
10. Жұмабеков Асхат Советханұлы – 2018 жылғы «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы, Халықаралық Варке қоғамдық қорының «Әлем мұғалімі» премиясының іріктеу кезеңіне қатысуға арнайы шақыртуының иегері, Семей қаласы. НЗМ физика және математика мұғалімі.
11. Гул Муаммер - Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі. «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық премиясының жеңімпазы, Даму қоры бекіткен 4 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегері және «Жаһандық премияның Қазақстандағы амбассадоры» атанған ұстаз.
https://syr-media.kz/news/12482-azastan-atynan-lemn-zdk-malm-bayauyna-kmder-atysady.html
04 қазан 2019 ж. 1 026 0