Білім министрлігіндегі жанжалдан кейін президнт кадрлық ауыс-түйіс жасады
Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы ауысты деп хабарлайды qamshy.kz ақпарат агенттігі. Президент Арын Өрсариевті қызметінен босатты, өкім Ақорда сайтында жарияланды.
Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне Қанат Сәрсембаев тағайындалды. Ол бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жетекшісі болып істеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "халықаралық құқық" мамандығы бойынша білім алған. Еске салсақ, министрлік қызметкері Анар Қайырбекова Орын Өрсариев пен басқа да әріптестері құжаттарға қол қою кезінде оған қысым жасағанын мәлімдеді.
Айтуынша, серверлерді көшіруге 48 миллион теңге бөлінген, бірақ қызмет көрсетуші бұл жұмысты орындамаған. Ал Өрсариевтің мәлімдеуінше, өткен жылдың желтоқсанында серверлік қондырғыларды көшіру және техникалық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу өткізілген. Тиісті құжаттар бар, ден сендірді ол.
Министрлік қызметкерлер арасындағы даудың соңғы 4-5 айға созылып кеткенін хабарлады. Осы аптада мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әлі күнге дейін жас мамандарға арналған бағдарламаның жұмыс істемей тұрғанын айтып, министрлік шенеуніктерін сынға алған еді. Өрсариевтің не себепті қызметінен кеткені айтылған жоқ.