Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Экология министрлігі араб шейхтарына жойылуға шақ тұрған құстарды аулауға не үшін рұқсат бергенін түсіндірді. Қазақстан олардың ақшасына қызығып отыр екен. Себебі шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді, деп хабарлайды alashainasy.kz
Үкімет өткен аптада Катар мен Біріккен Араб Әмірліктерінің 4 шейхына жылына 300-дей құсты атуға рұқсат берген. Аңшылар Қызыл кітапқа енген «жиек дуадақ» немесе «жорға дуадақтарды» Кендерлі-Қаясан, Арыс және Қарақтау, Жосалы мен Оңтүстік Қазақстандағы Мемлекеттік қорық аймағында атуға құқылы. Ал саятшылықтан түскен ақша дуадақтар мен басқа да жоғалып кету қаупі бар жануарларды тіркеу, оны қорғау, сонымен қоса «Охотзоопром» инспекторларын көлікпен қамту және жабдықтауға жұмсалмақ.
Министр Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, Парсы шығанағы елдерінің аңшылары қазынаға 61 миллион доллар қаржы құйыпты. Соңғы он жылда 20 мыңнан астам дуадақ табиғат аясына жіберілсе, оның мыңға жуығы атылған.
"Осы жолы бұларға 273 құсқа рұқсат бердік. Дегенмен қанша шығатыны белгісіз. Ол аңшылық қой. 270 құсқа 181 миллион теңге ақша түседі", - дейді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. 


15 қазан 2019 ж. 720 0