Елімізде 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға тыйым салынбақ

Оған қоса қаржы нарығын реттеуші бір адамға 500 мың теңгеден аса ақша айырбастауға немесе сатуға рұқсат етпейді. Ең басты жаңалық - валюта айырбастау пункттерінің жұмысын күндізгі 10:00-нан кешкі 19:00-не дейін шектеуді ұсынып отыр.
Бұл туралы «Қазақстан Республикасы қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулының жобасында жазылған. Ақша айырбастаған тұлғаларға қатысты ақпараттың қалай тіркелетіні 51-ші тармақта көрсетілген. Құжат 16 тамызға дейін қоғам талқысына түседі.
https://alashainasy.kz/economica/elmzde-500-myin-tengeden-asa-aksha-ayyirbastauga-tyiyyim-salyinbak-126892/