Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президенттің курстасы оның қандай студент болғанын айтты

Президенттің курстасы оның қандай студент болғанын айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың курстасы, ресейлік дипломат Сергей Гармонин Sputnik Қазақстанға MМХҚИ түлектері бір-бірін ешқашан ұмытпайтынын және әлемнің кез келген елінде кездесетінін айтты деп хаабарлайды /sputniknews.kz
Ресейдің Швейцариядағы төтенше және өкілетті елшісі Сергей Гармонин Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (MМХҚИ) Қазақстанның болашақ басшысымен бірге өткізген жылдарын еске түсірді.
"Бес жыл бойы біз MМХҚИ -де бір курста оқыдық. Жомарт, біз оны солай атайтынбыз, ол жетінші академиялық топта оқыды – оларда қытай, корей және вьетнам тілі болды, ал мен сегізінші топта болдым  – біз бирма, жапон және урду тілін оқыдық. Біз "шығыстықпыз", - деді Сергей Гармонин Sputnik тілшісіне.  
Оның айтуынша, қытай тілін үйрену үшін ықылас пен қабілет жеткіліксіз, музыкалық есту қабілеті де қажет.
"Қытай тілі – ең қиын тілдердің бірі. Көптеген иероглифті жаттап алу өз алдына, бұл үндестік тіл болғандықтан қандай да бір сөз дыбысталуына байланысты мағынасын өзгертеді. Қасым-Жомарттың есте сақтау қабілеті ғана емес, сонымен қатар музыкалық есту қабілеті де жақсы болса керек", - деді Сергей Гармонин.
Ресейлік дипломат Тоқаевпен бірге институтта оқып қана қоймай, сонымен бірге бір жатақханада тұрды. Екеуі де басқа қаладан келген.
Дипломаттың айтуынша, бұл жатақхана әлі де сол жерде тұр. Ол жатақханадағы өмірдің санада көмескілене түскенін айтады, бірақ ортақ ас үйде вьетнамдық студенттер пісірген қуырылған майшабақтың хош иісін ұмыту мүмкін емес.   
"Біз қарапайым өмір сүрдік, керемет ештеңе болған жоқ. Барлық студент пен жатақхана бірдей деп ойлаймын", - деп жымиды Гармонин.










15 қазан 2019 ж. 477 0