
Өлі разы болмай, тірі жарымас...
Кезекті еңбек демалысыма шығып, ауылды бетке алғанмын. Жылдағы әдет солай. Үлкен шаңырақ сонда болған соң, аз да болса еңбектеп өскен елге еркелеп, үйдегі шаруашылықтың жайын бағамдайтынымыз бар-ды. Сол күні күн райы бұзылып, аспанды қою қара бұлт басты. Бәлкім жауын жауғысы келе ме? Қалай болғанда да...













