Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 пен 60 жас аралығында косметологтардың қандай көмегіне жүгінген жөн?

25 пен 60 жас аралығында косметологтардың қандай көмегіне жүгінген жөн?

Эстетикалық косметология нарығы түрлі ем-дом шараларын ұсынып жатады, сол себепті көптеген әйелдер мұның барлығын қай кезде жасау қажет деген сауалмен бас ауыртады және шынтуайтында осы ем-дом шараларын істеу қажет пе?
Бүгін біз сізге қысқа түрде әр жас шамасында өзін күту мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынамыз. Бұл ақпаратты сақтап қоюға тырысыңыз және де теріңіздің нені қажет ететінін біліңіз, бұл Сізге косметологиялық қызметтердің құрбанына айналмас үшін таптырмас көмек бола алады.


 
25 жасқа дейін

Толықтай алғанда 20 дан 25 жасқа дейінгі аралық – бұл тері туралы мазасызданбайтын шақ екені анық. Адам ағзасы 21-24 жас шамасында өсуді тоқтатады, ал қартаю процесі 25 жастан кейін орын алатыны ықтимал.
Дәл қазір біз қыз баланың кәсіби маманның көмегіне жүгінуге тура келіп отырған жағдайларды есепке алмаймыз. Яғни 25 жасқа дейін күнделікті кешенді күтімді ғана қолдансаңыз жеткілікті, олардың тізімі төмендегідей:
тазалау;
сергіту;
ылғалдандыру;
күн сәулесінен қорғанатын жақпа май жағу.
 
25-30 жас
Терінің қартаю процесі кезіндегі алғашқы белгілер пайда бола бастайды: құрғайды, әжімдер, сызықтар пайда болады. Бет-әлпет қимылқозғалысына тікелей байланысты.  Күйзеліс, ұйқының қанбауы әуе ұшулары кезіндегідей мәселелер күрделене түсетіні анық. Бұл кездері үй жағдайындағы күтім өте маңызды, ол 4 ұстанымға негізделетіні белгілі:
Теріңізге өз қалпына келуге салонда жүргізілетін ем дом тәсілдеріне сүйенген абзал. Олардың ішінде тиімділері:
Дәрумендік коктейльдер қосылған мезотерапия;
Газды-сұйық пилинг;
Ультрадыбыстық тазалау;
Химиялық пилингтер курсы (емдом процедураларының саны маманның көмегімен жүргізіледі).
 
30 жас кезінде негізінен қолдануға әлі ерте ем-дом шаралары мыналар болып табылады:
Гиалурунды қышқылмен биоревитализациялау;
Тегістеу түрлері;
Өзектелген жіппен байлау;
филлерлер (көрсетілім бет диспропорциясы болмаса);
ботокс.
 
30-40 жас
Бұл жас шамасында әйелге жылына екі рет косметология кабинетіне бас сұғып тұрған орынды. Маман сіздің теріңіздің жағдайын бағалауы тиіс, үй жағдайындағы күтіммен таныс болуы және келесі ретте нені қолдану керек секілді жоспарларды құруы қажет.
Үй жағдайында бет терісіне арналған тазалау құралдарымен қатар бетке арналған гимнастика да орын алуы тиіс. Осылайша бұлшықет тонусын жақсы сақтау мүмкін болады
Кәсіби ем-дом шаралары ретінде келесідей емдеу шараларын жүзеге асыцруға болады:
Жылына 2-3 рет мезотерапия (көрсетілім негізінде);
Жылына екі рет биоревитализация (көрсетілімдері арқылы).
Бұл жас шамасында ем-дом шараларының саны емес, жиілігі маңызды рөл атқаратыны белгілі.
 
40-50 жас

40 жастан кейін әйелдер көз қиығы сыздықтарын, мұрын-ерін қатпарларын,  қасараларының бүлінуін, жекедегі әжімдерді, мойныдағы тыртыстарды байқай бастайды. Бұл ретте маңзыды ережелердің де бар екендігін естен шығармау қажет:  жас өзгерістерінің динамикалық разрядтан статистикаға өзгере бастаған кезде өзі-өзі күту барысына инъекцияны да қосу қажет. Яғни, сіз маңдайыңызды тышырайтқан кезде тыртыстар 1,2 минуттың ішінде кетпей, орнында қалады.
Теріне мыналар тиімді қалпына келтіреді:
биоревилитацияның алуан түрлері;
жіптермен армирлеу;
фракциялық лазерлік фототермолиз;
плазмолифтинг.
Ботулинотерапиямен әуестенудің еш қажеті жоқ. Ботокс көмегіне алғаш рет жүгініп, оның керемет нәтижесін байқаған әйелдер аталған процедураның тұтқынына айналғандығы да жиі кездеседі. Ботокске дағдыланудың қалыптасатындығын және біраз уақыттан кейін оны бет терілері «қабылдамай» қоятындығын естен шығармаған жөн. Дәл осындай жағдай филлерге де қатысты. Тері астындағы гиалурондық қышқылдыңкөп мөлшерде болуы жасанды көрінеді және тіпті проблемалар да туындатуы ықтимал.
 
50-60 жас
Жалпы алғанда, эстетикалық косметологияның дамуымен байланысты бұл кезеңдегі тері күтімі көп жағдайда мұның алдындағы күтімдерге ұқсас келеді. Үй күтімін жасау барысында  нәрлі заттармен және дәрумендермен байытылған құралдарды пайдаланған жөн. Бетке арналған жаттығулардың да өзіндік тиімділігі бар.
Егер салон процедуралары жайында айтар болсақ, бұл ретте терінің қалпына келуіне ынталандыратын процедураларға, инъекциялық терапияға басымдық беріледі. Орталық пилинг, плазмолифтинг, филлер – мұның барлығы да  процедураларды ұсынылған көлемде және белгілі бір жиілікпен орындайтын болса қалаған тиімділікті қамтамасыз етеді. Ботокс егу тактикасы біршама өзгереді: 50-60 жас аралығында құрамында ботокс бар препаратты жиі, бірақ аз көлемде еккен дұрыс. Бұл мынадай жайтпен түсіндіріледі, жас келген сайын бұлшық еттер табиғи себептерге байланысты тонусын жоғалтады, ал жоғарыда айтқан техника жасарудың табиғи әсерін алуға септігін тигізеді.

Сонымен қатар жіппен армирлеу мен біршама «салмақты артиллерия» - бетті және жекелеген бөліктерді хирургиялық жолмен тарту да біршама жақсы  әсер береді. Мамандар үшін бұл жас тобын кіретін пациенттің алғаш рет косметолог көмегіне жүгінуі біршама қиындық тудырады.
 
Көріп отырғандарыңыздай, түк те қиындығы жоқ. Ең бастысы сауатты маман тауып, теріге жарнама арқылы емес, оның қажеттілігіне сай күтім жасау қажет.
 
11 сәуір 2018 ж. 1 901 0