Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Қызылорда облысында есірткі саудаламақ болғандарды тікұшақпен қуған сәті видеоға түсірілді

Қызылорда облысында есірткі саудаламақ болғандарды тікұшақпен қуған сәті видеоға түсірілді

Қызылорда облысында полицияның есірткі саудаламақ болғандарды тікұшақпен қуған сәті видеоға түсірілді, – деп хабарлайды polisia.kz.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мобильді тобы және ІІМ-нің арнайы бөліністері Қарағанды және Қызылорда облыстарының шекараларын тікұшақпен барлау кезінде Қызылорда қаласынан 320 шақырым қашықта қарасораны қолдан өсіру плантациясы алқабын, суару үшін бассейн мен агроқұралдарды сақтау мен сол жерде тұруға арналған жерасты үңгірлерін анықтады.
"Алқапқа жақын ұшып бару кезінде жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері тағылған екі Toyota Land Cruiser тжол талғамайтын көліктерін байқады. Олар қатты жылдамдықпен жүріп жасырынбақшы болды. Полиция қызметкерлерінің тоқтату талаптарын тыңдамады. Автокөліктің соңына түскен қызметкерлер оны тоқтату үшін ескерту оғын атты және бірнеше рет көліктің дөңгелектеріне оқ атылды. Дөңгелектеріне зақым келген соң ғана екі көлік қозғалысын тоқтатты.
Полиция қызметкерлері үш жергілікті тұрғынды ұстады. Оларды ұстау кезінде біреуі жарақат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді және медициналық мекемеге жеткізілді. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген хабарламада.
Басылымның мәліметінше, қазіргі уақытта ол аумақта Қызылорда облысының полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
20 тамыз 2020 ж. 275 0