Егер сіз күйеуіңізге ренжісеңіз...

Бір күні ол ыдысқа салынған тоқылған екі қуыршақ пен көп мөлшердегі ақшаны көрсетеді. Күйеуі: «Бұл не?» дейді таңданып. Әйел: «Екеуміз үйленгенде анам маған: «Қызым, енді сен тұрмыс құрдың. Отбасының берекесі мен тыныштығы көбіне саған байланысты. Сондықтан күйеуіңе ренжіген сәттеріңде, оған ешуақытта қарсы шықпа, үндеместен бар да бір қуыршақ тоқы», – деген еді»- дейді. Күйеуі ыдысқа қарап: «Бірақ…мұнда екі ғана қуыршақ бар ғой… ал ақшалар қайдан келді?» – деп сұрайды. Сонда әйелі: «Осы уақытқа дейін тоқыған қуыршақтарымды сатып, жинаған ақшам еді..» – деп жауап береді.
reactor.inform.kz