Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 млн теңгесінен айырылып қалды

2 млн теңгесінен айырылып қалды

Шымкенттік тұрғын алаяққа алданып, екі миллион теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2021 жылдың 26 тамызында Әл-Фараби АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған.
Ол өз арызында танысы үй және автокөлік алып келіп беремін деп, алаяқтық жолмен 2 миллион теңге ақшасын иемденіп кетіп, осы күнге дейін уәдесін орындамай, қашып жүргенін көрсеткен.
Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықталып, ұсталды. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
31 тамыз 2021 ж. 2 625 0