Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанда қылмыскерді сот залында атып өлтірді

Үндістанда қылмыскерді сот залында атып өлтірді

Аты шулы қылмыскер Джитендер Гогиді Үндістан астанасындағы сот залында адвокат кейпінде кездесуге кірген қарсыластары атып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірқатар қылмыстық істерге қатысы бар Джитендер Гоги өткен жылы Тихар түрмесіне қамалған. 
Tillu деп аталатын қылмыстық топ Гогиді өлтіруді көптен жоспарлаған. Оның қауіпсіздігі үшін полиция оны ауруханада қайтыс болды деп хабарлаған. Ал жұма күні Гогиді сот отырысына алып барғанда, адвокат кейпіне енген екі қылмыскер тұтқынға оқ жаудырды.
«Полиция тез әрекет етіп, шабуылдаушылардың екеуін де өлтірді. Барлығы үш адам қаза тапты, оның ішінде Джитендер Гоги де бар»,  деді Дели қаласының полиция комиссары Ракеш Астана.
Атыс кезінде барлығы 30 рет оқ атылған. Полиция оқиғаға байланысты тергеу бастады.
«Сот залында металл іздегіштер жұмыс істеді ме деген сұрақ тергеу объектісіне айналды. Мен қазір бұл туралы түсініктеме бере алмаймын. Бұл істі тергеп жатырмыз және бұл атысқа қатысы бар ешкімді жауапсыз қалдырмаймыз», деді Ракеш Астана.
27 қыркүйек 2021 ж. 4 939 0