Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “Халал арақтар”: Қазақстанда “халал” белгісі бар шұжықтар шын мәнінде адал ма?

“Халал арақтар”: Қазақстанда “халал” белгісі бар шұжықтар шын мәнінде адал ма?

Қазақстандықтарды «халал» белгісі бар өнімдер қаншалықты таза деген сұрақ жиі мазалайды. Бұл сұраққа инвестициялар және даму министрлігі жауап берді.


Министрлік мәліметінше, елімізде СТ РК 1353-2005 ” стандартына сай «Халал» шұжықтар мен СТ РК 1632-2007 стандартына сай «Халал қонақ үйлердің туристік-экскурсиялық қызмет көрсету классификациясы» белгісі ғана бар, деп жазады Sputnik.
Одан басқасы не халықаралық талаппен жасалғандар не маркетингтік жолмен жасалғандар.
“«Халал» өнімдерді ешкім тексермейді. Ақша төлеп, өнімге неше түрлі мәлімет жаза береді. Тұтынушылар алдында жауапкершілік жоқ. Іс жүзінде жоқ, тек қағаз жүзінде жұмыс істейді», – дейді Қазақстанның ұлттық тұтыну лигасының президенті Светлана Романовская.
Айтуынша, тексеріс жүгізуі тиіс полицей мамандардың аздығынан ешкім мұны тергеп жатқан жоқ. Көптеген «Халал» белгісі бары шұжықтарда доңыз еті бары анықталған.
Светлана Романовскаяның айтуынша, дүкендерден «халал» белгісі бар арақты да табуға болады екен. Бұл тіпті дінде жоқ нәрсе.
Қазақстанның халал индустриясы ассоцияциясының төрағасы Марат Сәрсенбаев елімізде 600 компанияның «халал» белгісін алғанын айтты.
Отандық компаниялар халықаралық нарыққа шығу үшін осы белгіні алады. Белгі берілген соң ассоцияция қызметкерлері тексеру жүргізетінін жеткізді.
«Бізге қазір маркировка мен сауда белгісінің сәйкестігі жөнінде заң керек. Заң жоқтығынан мемлекеттік органдар өндірушілерді жазалай алмайды», – дейді ассоцияция басшысы.
Қазір ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі елдегі азық-түлік өнімдерін дамытуға арналған жол картасының жобасын әзірлеуде. Бұл шаралар әзірлеушілердің жоспары бойынша, халал өнімдерінің стандарттарын жақсартуға мүмкіндік береді.
Stan.kz
24 тамыз 2018 ж. 1 354 0