Елімізде демалыс күндері ауа-райы қанай болады
Синоптиктер алдағы тәуліктерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 8-9 қыркүйек күндері оңтүстік және батыс аймақта ауа райы жауын-шашынсыз болады. Жылы ауа температурасы сақталады.
Кей аймақта күздің салқынындай күн суық болады. Батыс Сібір аудандарынан жылжитын суық атмосфералық фронттар әсерінен еліміздің солтүстік аймағында күн суық болады.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында үш күн бойы күздің салқыны байқалады. Жаңбыр жауады. Ауа температурасы нормадан 2-4°С төмен болады.
Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 8-9 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстіктен жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғып, шаңды дауыл болуы мүмкін. Дауылдың ықтималдығы – 90-100%.