Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қостанай тұрғынын өз көлігінде өлтіріп кетті

Қостанай тұрғынын өз көлігінде өлтіріп кетті

Қостанайда зорлық-зомбылықтан өлген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды "Алау" порталы.
Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте болған, бірақ бұл ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында енді ғана жарияланды. Мәйіт үйдің ауласындағы Ford Transit көлігінен табылды. 
Полицияның хабарлауынша, адам өлтірді деген күдікті ұсталды. Ол 29 жастағы жігіт болып шықты, күдікті жанжал кезінде ер адамды буындырып өлтіргенін мойындады.
"Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

sputniknews.kz
08 қазан 2018 ж. 1 050 0