Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент төлемеген әке көлігінен айырылды

Алимент төлемеген әке көлігінен айырылды

Алимент төлемеген Алматы тұрғыны көлігінен айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балаларына бір миллионнан аса теңге қарыз ер адам міндетін қасақана орындамағаны үшін көптен бері іздеуде болған.

«Chevrolet көлігі тізгініндегі ер адам алимент бойынша үлкен қарызы үшін іздеуде болған. Ұстау кезінде ер адам полиция мен сот орындаушыларына қандай да бір құжаттарды көрсетуден бас тартты», деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Көлік айып тұрағына қойылды.
23 мамыр 2022 ж. 4 181 0