Алимент төлеу – парыз

Бір қуантарлығы, өз баласына ақша төлемес үшін сан түрлі айла-шарғыға барып, жұмыс орындарын жасырып, жалақысын бухгалтерия арқылы бірнеше есе төмендетіп немесе дүние-мүлкін жақын-жуықтарының аттарына жаздырып қойып, тайраңдап жүрген мұндай әкелермен құзырлы органдар мықтап күресе бастады. Алимент төлемеген азаматтарға заң аясында қатаң шаралар қолданылып, керек болса, қылмыстық жауапкершілікке де тартып жатыр. Тұрақты жұмысы барларына алимент төлеуге мәжбүрленсе, "жұмыссызбын" деп сылтау айтқандарға еңбек етіп, қарызынан құтылуды талап етіліп отыр.
Әр ата-ана баласы алдында жауапты болып келеді.Сондықтан да баланың көз жасына қалмау үшін алимент төлеуден қашпаған жөн. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы немесе азаматшасына алимент төлеуге қатысты қатаң шара қолданатын болса, олар өздері үшін алимент төлеуден жалтармайды .Баланы қалай өмірге әкелуін білген ата-ана, яғни оны қалай асырап, қол ұшын беруі міндетті.
Арал аудандық ішкі саясат бөлімі