Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ирандық әйел Астана тұрғындарын сан соқтырып кетті

Ирандық әйел Астана тұрғындарын сан соқтырып кетті

Иран азаматшасы қазақстандық кассирлерді алдап, екі жүз мың теңгедей ақша ұрлаған.Дүйсенбі күні әйел адам елорданың бірнеше ірі сауда орталықтары мен қонақүйлердің қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Ирандық әйел он немесе жиырма мың теңгені ұсақтап беруді өтінген, бірақ кесек ақшаны кассадағы қызметкердің қолына бермейді. Ұсақ банкноттарды ұсынған кезде, әуелі санай бастайды екен.
Кассирді алдаусыратқан алаяқ ақшаның біразын қолына жасырып, кейін кесек купюраны ұсақтамайтын болып шешіп, тез кетіп қалып отырған.
Елорда полицейлері 37 жастағы Иран тұрғынын сейсенбі күні ұстады. Шетелдік азаматша қылмысын мойындады.Белгілі болғандай, әйел Қазақстанға турист ретінде келіп, қонақүйлердің бірінде тұрып жатыр екен.
Қазір Қазақстанның Қылмыстық кодексі 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу басталды. Ирандық әйел уақытша ұстау абақтысында отыр.

/sputniknews.kz/
25 қазан 2018 ж. 899 0