Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ағзаға зиянды 5 тағам

Ағзаға зиянды 5 тағам

"Зиянды тамақтар неге дәмді болып келеді?" деген сұрақ дұрыс тамақтануға көше алмай жүрген адамдардың ойына жиі келеді. Қытырлақ картоп (чипсы) пен газдалған сусындар шыныменде дәмді ме? Әлде біз солай екеніне сенеміз бе? Осы орайда оқырмандарымызға ағзаға зиянды тағамдар тізімін ұсынамыз.

Junk food

Әдетте, бірінші орынға фаст-фуд тағамдарын қояды. Сонымен қатар, оған қуырылған картоп пакетін және попкорн қорапшасын да қосу керек. Мұндай тағамдар майлар мен көмірсуларға бай, бірақ еш пайдасы жоқ.

Негізі, попкорнның пайдасы да бар, бірақ кино көріп отырып, қорапшаны тауысқанша жесеңіз, керісінше, зиянын тигізеді. Junk food тағамдары әдейі көбірек мөлшерде сатылады, оны сатып алған адам көп жағдайда тауысып қояды. Бұл тағамдарды сатып алу оңай, оларды кез келген жерде жеуге болады, бірақ сондай-ақ артық салмақ қосып алу қаупі де жоғары және қызығып сатып ала беру әдеті қалыптасады.

Өңделген ет өнімдері

Оған шұжық пен сосискалар жатады. Әрине, бұл тағамдар №1 қауіп емес, бірақ көпшілік олармен әуестенудің қажеті жоқ екенін ұмытып жатады. Мысалы, шұжыққа жағымды алқызыл түс беретін нитрит натрий ақырын канцерогенге (қатерлі ісіктің пайда болуына әсер ететін заттегі) айналуы мүмкін. Ал өңделген ет өнімдерінде бұл сияқты қоспалар өте көп.

Арзан ірімшіктер

Өкінішке орай, нағыз ірімшік қымбат тұрады. Қазір дүкен сөрелерінде арзан ірімшіктер көбейіп кетті. Олардың құрамында маргарин мен арзан пальма майы болады. Жалпы, пальма майының өзі ағзаға зиянын келтірмейді. Бірақ, ол өндіріске тасымалдау шарттарының бұзылуымен келіп, жолда қышқылданып кетеді. Ал ондай май ағзаға зиянын келтіреді.

Дайын тұздықтар мен жылдам дайындалатын ұнтақ пюре

Мұндай өнімдерде көп мөлшерде синтетикалық және жартылай синтетикалық қоюландырғыштар (Е422, Е461, Е462) бар. Олар тамақтың қорытылуына және ақуыздың сіңуіне кедергі келтіреді.

Консервіленген өнімдер

Консервіленген тағамдар қатты зиянды деп айта алмаймыз. Әдетте, олар түрлі өңдеуден өткендіктен, ондағы тағамның еш пайдасы қалмайды. Сондықтан консервіленген өнімдерді аса қажет болғанда (жолда) ғана қолданып, қалған жағдайда өзіңіз дайындаңыз.

massaget.kz
16 желтоқсан 2019 ж. 5 268 0