Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 апта бойы толықтай балық пен еттен бас тарту неге әкеледі?

4 апта бойы толықтай балық пен еттен бас тарту неге әкеледі?

Вегетариандықтардың айтуы бойынша, еттен бас тарта отырып, артық салмақтан арылуға, көп ауырмауға, үнемдеуге және толықтай алғанда өзіңді жақсы сезінуге болады. Ал кейбір ғалымдардың пікірінше, ет тұтынбаса, ағзаға қажетті компоненттерді ала алмай қаласыз.
Біреулері дәл осы төрт түліктен алынатын тағамдар бірқатар аурулардың тууына себепші болады деп есептейді.
Кімге сенеріңді білмейсің, сол себепті мен 4 апта бойы ет пен балықтан бас тартуға бекіндім. Бұл қадамның дұрыс-бұрыстығын көре жатармыз, әрі не өзгеріп, денсаулықтың қай арнаға бұрыларын да байқап көрерміз.
Зерттеу алдында денсаулыққа зиян келтірмес үшін және соңында дұрыс шешім жасалуын есепке ала отырып, мен қандай тағамдардың ағзаның қажет ететіндігі жөнінде оқып зерттедім.
Сүттің төрт түліктен алынғанын білсем де, одан бас тартуды қажет деп таппадым. Бұл ақуыздың табиғи түрі екені анық.
Сондай-ақ мен көп ақша жұмсамас үшін қол жетімді және арзан тағамдарды тұтынуды жөн көрдім. Дүкенге барып, бірінші аптаға азық-түлік сатып алып, бастап кеттім.
1-апта.
Бір қызығы, бастау күткенімнен оңай болды. Таңғы асқа – йогурт, ботқа немесе ірімшік қосылған бутерброд. Түскі асқа – асбұршақ, көкөністен жасалған сорпалар және салаттар (көп мөлшерде). Бастапқы күндері ағза етті қажет етпеді, алайда тамақтанған соң екі сағаттан кейін қайта арын аша бастады. Сондықтан күні бойы тіскебасар ретінде қол жетімді жеміс-жидек, жаңғақ, ірімшікті пайдаланып отырдым. Байқағаным мынадай болды: бұрын түстен кейін өнімді ештеңемен айналысу мен үшін мүмкін болмайтын. Тамаққа тойып алғаннан кейін жұмыс жасағым келмейтінін сезетінмін. Енді тамақтанғаннан кейін жұмысқа бірден кірісіп кетуге болады екен, астың қорытылуын бір сағат бойы күтудің қажеті шамалы. Сонымен қатар асқазандағы ауырлық сезімі де жоғалды.
2-апта.
2-аптада қиындықтар басталды, ағза етті тағамдарды, қуырылған тағамдарды қалай бастады. Дәмді әрі тойып тамақтануды аңсадым. Аштық сезімінен арылу үшін, әрі «Макдональдске» бару талпынысын жеңу үшін өзіммен бірге көкөніс тағамдарын алып жүруге тура келді.
Әріптестерім менің бет түсімнің анағұрлым солғын тартқанын байқады. Зерттеу туралы білетіндері, «жағдай қалай?» деп те сұрап жатты. Олар маған шұжық, болмаса гамбургер немесе қандай да бір ет қосылған тағамдармен тамақтанып алуымды қалады, алайда мен мұның бәрінен бас тарттым, өз зерттеуімді бұзғым келмеді.
3-апта.
3-аптаның басында кенеттен энергиялық күш-қуат сезіне бастадым, жеңілдікті байқадым. 2 кг салмақтан арылғанымды көрдім (бұлшық ет емес, майдан арылдым деп есептеймін).
Тағаммен зерттеулер жасауға ықылас пен ниет ауа бастады. Ғаламторда вегетариандықтарға арналған неше түрлі дәмді тағамдардың рецептері бар екен. Бірақ, маған мейрамханаларда, болмаса кафелерде тамақтану үшін сәйкес орынды іздеп, ас мәзірін қарап шығу керек екен. Мен тұтынатын тағамдарды кез келген жерден табу оңайға түспеді.
4-апта.
4-аптада ағза толықтай өсімдіктен жасалған тағамдарға үйренді. Жаңадан байқағандарым мынадай болды: мен үшін өздігімнен таңертең ерте тұрып, кешкісін тез ұйықтау мүмкін болды. Жұмысқа ден қойып, кейбір нәрселерді есіме жақсы сақтауым байқалды.
Бірақ жаңа туындаған мәселелер де жоқ емес: достарыңызбен жиналып, тағамға тапсырыс берер кезде ол міндетті түрде етпен болады екен. Сондықтан маған шұжық пен тауықты теріп отыруға тура келді. Және де алкогольдік өнім 2 есе тез әсер ететіндігі байқалды.
Сол жағымда барлық етін сыдырып алып тастаған менің пиццам, оң жағымда менің досымның пиццасы.
Зерттеу нәтижесі бойынша өзім үшін негізгі жағымды және жағымсыз тұстарды айтып өткенді жөн санадым:
Жағымды тұстары:
Нәтижелілік. Тамақтан кейінгі асқазандағы ауырлық сезімі, ұйқы басу жоғалды. Түстен кейін бірден жұмысқа кірісіп, үлгеру мүмкндігім бұрыңғыдан жоғарылады.
Ұйқы. Тағамның жеңіл болуы салдарынан ұйықтау және ояну анағұрлым жеңіл болды. Ұйқыға уақыт қысқарды.
Денсаулық. Тұтынатын өнімдерден зиянды майды, холестеринді және түрлі қоспаларды алып тастай отырып, өзімді жақсы сезіне бастадым. Сонымен қатар бірнеше кг артық салмақ тастадым.
Жағымсыз тұстары
Ерік-жігер қажет. Ағза жаңа тамақтану үлгісіне үйренгенше, «бас тарту синдромына» үйрену қажет. Денсаулығы жағынан бұл көпшілік адамға келе бермейді.
Жиі тамақтану қажет. Өсімдіктен жасалған тағамдар тез қорытылады, сондықтан бастапқы кезде жиі тамақтану ұсынылады. Және бұл көп жағдайда арзан емес. Егер тағам дайындауға уақыт тапшы болса, сәйкес кафе таңдауға уақыт пен ақша жоғалту керек.
Компанияларда тағам үшін кейбір қиындықтар туындап жатады. Егер сіздің достарыңыз етті тағамдарды ұнатса, вегетариандық тағамға тапсырыс беру мүмкін болмасы анық.
Қорытынды
Мұндай диетаның кез келген адамға келе бермейтіндігін естен шығармаған жөн, әсіресе денсаулығында кінәраты барлар бұл диетаны ұстай алмайды. Сондықтан сіз өзіңіздің тағам тұтынуыңызды мүлде өзгерткіңіз келсе, алдымен дәрігер кеңесіне жүгініңіз.
Мен тағамнан тек қана пайда емес, ләззат алуды да ойладым. Сол себепті қайтадан ет тағамдарын тұтынып, 80/20 ережесіне бағынуды керек деп таптым. Бұл ережеге сәйкес күні бойы тұтынатын тағамдарымның 80 % өсімдіктерден жасалған тағамдар болса, қалған 20 % ет, тәтті тағамдар және барлық зиян болса да ұнайтын тағамдар. Бір ұққаным, барлығын шама-шарқынша жеп, көбіне табиғи өнімдерді тұтынған өте пайдалы.
18 наурыз 2018 ж. 1 546 0