Қайта алу мүмкін емес: Алматыда дәрігерлер науқастың денесіне темір бұрғы қалдырып кеткен

«Отаны жамбасыма жасағанымен тіземнің жоғары жағы ауырды. Ауруханаға барып едім ешкім сырын таппады. Қайта-қайта рентгенге түсіп, ақырынды жілікке темір қадалып тұрғанын көрдік. Оның темір бұрғының тісі екенін білдік. Сараптама жасатқанымызда ота кезінде бұрғының бөлігі сынып, денеде қалғанын анықтап берді», – дейді науқас.
Дәрігерлер бұрғының тісі сынып кетуі сирек кездесетінін айтып, науқасқа оның зиян келтірмейтінін айтқан. Бірақ қайта ота жасап, жіліктен темірді алуға батылы бармай отыр. Оның оңай ота емес екенін айтады.
Айсәулет азаматтық арыз жазған. Алғашқы сот отырысы кезінде дәрігерлер кінәсіздігін айтқан. Осыдан соң жәбірленуші қылмыстық іс ретінде арыз түсіруге бел байлады.
Адвокат Кәмшат Шінтекова мұның дәрігерлердің өрескел қателігі екенін айтып, сот арқылы кінәсін дәлелдеуге бекінген.
«Дәрігерлерден көмек сұрап едік, келісімге келмеді. Сондықтан қылмыстық іс ашуды талап етеміз. Адам өмірімен ойнауға бола ма?»,- дейді адвокат.
Айсәулеттің жамбасында қалған темір 4 см-ге жетеді. Оны ота арқылы ала ма, жоқ па әзірге белгісіз.