Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда туристер мінген автобус аударылып қалды

Түркияда туристер мінген автобус аударылып қалды

Оқиға Қара теңіз жағалауындағы Ризе провинциясында болды. Жол апатынан 23 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

TRT телеарнасы хабарлағандай, автобус Трабзон қаласына барар жолда басқа көлікпен соқтығысып, аударылып қалды. Туристер жарақат алды, бірақ олар автобустан өздігінен шыға алды, құтқарушылар жүргізушіні арнайы кесу техникасын қолдана отырып шығарып алуға мәжбүр болды.

Зардап шеккендер қай елдердің азаматтары екені әзірге белгісіз.
21 тамыз 2022 ж. 1 576 0