Францияда 49 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады

Департаменттің префектурасы жол апатында басқа көлік құралдары зақымдалмағанын растады. Автобус жолдың шетінде аударылып қалған. Автобус жүргізушісі оқиға орнына келген тергеушілерге өзін жаман сезінгенін айтқан. Полицейлер екі зардап шегушінің ауыр халде жатқанын хабарлады. France Bleu радиостансасының мәліметінше, құтқарушылар екі жарақаттанушыны Лаваль қаласындағы госпитальге жеткізген.