Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада егістік басында комбайн өртеніп кетті

Қызылордада егістік басында комбайн өртеніп кетті

Қызылорда облысында егістік басында комбайн өртеніп кетті.
Оқиға бүгін, 12 қазанда сағат 10:50 шамасында болған. Сол уақытта төтенше жағдайлар қызметіне Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылындағы егістік басында комбайн өртеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.
«Оқиға орнына Сырдария ауданындағы №12 өрт сөндіру бөлімшесінен 5 қызметкер 1 техникамен шықты. Екі аралық шамаман 18 шақырымды құрайды. Егістік басында 2008 жылы шыққан күріш жинайтын комбайн жанып жатқаны белгілі болды. Өрт 11.53-те оқшауландырлып, 11.55-те толығымен сөндірілді», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

syrboyi.kz
13 қазан 2022 ж. 2 677 0