Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІНІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ҚАСИЕТТЕРІ

ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІЛЕРІНІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ҚАСИЕТТЕРІ

Жұлдызнама белгілерінің ең жақсы қасиеттерін айқындауға мүмкіндік беретін қызықты жұлдызнама өзгелер туралы көбірек білуге әрі өзіңізді жақсы қырынан тануға жол ашады. Өзіңіз туралы білу өте қызықты әрі маңызды екенін ұмытпаңыз. Әр адам өзінше тұлға. Өн бойында жақсы дамыған әрі осал тұстары да жеткілікті. Ал сіздің жақсы қасиеттеріңіз қандай?

Ең қырсық жұлдызнама белгілері
Бұл топқа астрологтар - Бикешті, Шаянды және Суқұйғышты жатқызып отыр. Мінезі  жағынан бұл жұлдызнама белгілері бір-бірінен ерекшеленеді, ал қырсықтығын да байқау қиын емес. Алайда бұл қырсықтықты әрқайсысы әр түрлі көрсетеді.
Мысалы, бикеш тек қана өз мақсатына қол жеткізетініне сенімді болғанда ғана мінез көрсетеді. Ал шаян, керісінше, көбінесе өз қыңырлығына және оның нәтижелеріне күмәнданғанымен де, бұл іспен шұғылданғанды ұнатады. Ал суқұйғыштар өз мінездерін «мен қалаймын» - «мен қаламаймын» арқылы көрсетеді. Мәселен көшеде қыдырыстап жүріп, оның балмұздаққа тәбеті ашылады, ал оған қол жеткізгеннен кейін хот-догты айтқан болып шығады дегендей. Бұл бір жағынан жаман емес, суқұйғышты үнемі шытырман оқиғалар күтіп тұрады. Ең бастысы, жағдайды ұтымды түрде қабылдау қажеттігі және айыптаулардан аулақ жүруі.


Ең романтикалық жұлдызнама белгілері
Таразы, Торпақ, Шаян. Таразы секілді үйлесімділікті кім жақсы көрмейді дейсіз? Міне, романтиканы олар әрқилы түсінеді. Олар үшін бастысы шам жағып кешкі ас ішу емес, алуан түрлілік. Мұндай романтика таразы үшін аса қызықты емес. Ал парашютпен скіру....міне, таразылардың ұнататын романтикасы осындай.
Торпақтар романтиканы басқалай түсінеді. Олар айналадағы тәртіпті, жақсы атмосфераны, үйлесімділік пен тұрақтылықты қалайды. Егер торпаққа мұражайдағы романтикалық кешкі асты ұсынса, таң қалмаңыз... 
Шаяндар отағасы ретінде романтиканы ұнатады, ең бастысы - сүйікті адамы жанынан алыстамаса болғаны. Сондай жақсы көретін, адал, сүйетін жалғыз адамы ғана. Әрдайым жанынан табылып, оны сүйіп өту - міне, шаян үшін нағыз романтика осыда.


Ең мықты жұлдызнама белгілері
Қоғамдағы өз мінез сипатымен ерекшеленетін жұлдызнама белгілері Тоқты, Арыстан, Тауешкі. Тоқты өз мақсатына жетуі үшін санасынан аяушылық сезімін сыпырып алып тастауы мүмкін. Шындығында, бұл жақсы қасиет, бақытты болу үшін әр адамға осындай қасиет жетпей жататыны белгілі.
Арыстан қолына алған істің бәрін үйлестіре біледі. Ал барлық мәселеде көшбасшы болу өте қиын, бұл тек қана мықты адамдарға тән құбылыс. Кедергілер, әрине болады, алайда арыстан бәрін өз қолына алып, кедергілерді еңсереді.
Тауешкі алдына нақты мақсат қоя білетіндігімен ерекшеленеді. Олар армандарға бой алдырып, тілеп, ойлап жүрмейді. Іс-қимылға көшеді. Ең алдымен мақсатты қоя біледі, жоспар құрады, сонымен жүріп отырып, мақсатына жетеді. Көбінесе жақсы нәтижеге қол жеткізетіндігін де баса айтқан орынды.

Ең қызыққұмар жұлдызнама белгілері
Балықтар, Сарышаян және Суқұйғыш. Балықтар тым қызыққұмар, әуесқой келеді, «ана бұрышта ненің болып жатқандығы» оларды қатты қызықтырады. Бәлкім ол жерде сүйіктіңнің ғажайып сыйлығы күтіп тұрған болар? Олар қорқақтау болса да, тым қызыққұмар. Оларға сый-сыяпатты құпия түрде сыйлау мүмкін емес, бәрін білгісі кеп отырады. Сыйлықты алғанға дейін шыдамауы мүмкін. Түсінесіз ғой, қызыққұмарлық...
Ал сарышаяндар бұл жағына келгенде балықтардан сәл өзгешелеу. Сарышаяндар үшін кім қайда, не үшін кетті, міне, соны білу анағұрлым маңыздырақ. Мұндай адаммен бір шаңырақ астында тұрғаннан кейін есеп беруге дайын болыңыз: бүгін мына жаққа бардым, мынаны сатып алдым, сосын мына жерге бардым, өзімді жақсы сезінемін, ұйқым қанды, тағы басқалары. Сарышаяндар сұрақ қойғанды жаны сүйеді.
Суқұйғыштар да  қызыққұмар келеді. Олар бәрін білгісі келіп тұрады. Әрине, жеке өмірде емес, жалпы әлемдік көлемде. Мәселен оларды фильм премьералары, неше түрлі турлар, жаңа брендтер, жаңа технологиялар қызықтырады. Бар болғаны - суқұйғыштар өздерін дамытып, заманға сай өмр сүргенді қалайды.

Ең жомарт жұлдызнама белгілері
Астрологтар жомарт жұлдызнама белгілеріне Мергендерді, Балықтар мен Егіздерді жатқызады. Бұл жерде сәл құлақ түретін жағдаяттар да жоқ емес.
Жомарт мергендерге қатысты айтар болсақ. Иә, олар жомарт, қолындағы соңғы дүниені де тәрк етуге бар, бар болғаны оларға құрмет болса болғаны. Олар өз әрекеттерінде жаны жомарт жан екені рас, дегенмен қулығы да баршылық.
Балықтар біреуге көмектескенде сезімдері шынайы бола түседі. Бұл ерекше құбылыс!
Егіздер соңғысынан айырылып қалмайтындығына сенімді болғанда ғана жомарт. Егер өзіне ыңғайлы болса, үнемі қиндықта қол созуға даяр. Қарызға ақшаны да егер банк шотында өзіне жеткілікті мқлшерде ақша болса, береді. Үнемі жақсылық жасағанда бірінші өзіндегімен салыстырып көреді, есептейді. Көпшілік егіздер бақуатты адамдар, сол себепті жаны жомарт келеді.

Талап қоя білетін жұлдызнама белгілері
Тауешкі, Суқұйғыш, Бикеш – талап қоя білетін жұлдызнама белгілері. Олардың талап қоя білуі де әртүрлі көрініс тауып жатады.
Тауешкілер биік мақсат қоя біледі.Айналасындағылардан да соны тілейді. Қандай да бір мәселені шешу үшін алдымен оның бірқатар сауалдарына жақсы жауап беру қажет.
Суқұйғыштар өзінің қырларын қырсықтығы арқылы көрсетіп жатады. Олар үшін өмір -ертегі, және өмірден де, айналасындағылардан да бәрін бірден сұрайды.
Бикештер өзінің талап қойғыштығын әлеуметтік және жұмыс бабында көрсетеді. Үйде тәртіп болмаса, қатты  ренжиді. Жұмыс орнында да үстел үстімен қоса, баста да бәрі орын-орнымен, тәртібімен болғанын қалайды. Ал шығармашылық қабілет оларға келе қоймас, оларға минимализм секілді сәнді бағыттар жарасымды келеді.

Ең ашық жұлдызнама белгілері
Егіздер, Мергендер және Торпақтардың тіл табысқыш қасиетінде шек жоқ. Бұлардың барлығы дерлік әңгіме айтқанды, талқылағанды, танысқанды, шер тарқатқанды жақсы көретін жандар.
Үш жұлдызнама белгісі де танысқан адамымен тез тіл табысқыш келеді, олар үшін жаңа жұмысқа орналасу түк емес, олардың біразы шешендік қасиетке де ие. Кей кездері олардың соғатын фәлсафасы адамның зығырына тиетін кездер де болады. Мұндай кездері үндемей отыра бермей, қарсыласының қалғып кетуі мүмкін екенін ескертіп қойған да жақсы әсер береді. Жалпы алғанда, біреуді тыңдағыңыз келсе, немесе отырысқа әңгіме айтатын адам қажет болса осы үштіктің біреуін өзіңізбен ілестіруіңізге әбден болады.

Ең батылдары
Тоқты, Арыстан, Сарышаян. Тоқты мен арыстан – ең мықты, батыл жұлдызнама белгілері. Адамдардың мінезі де сондай. Табиғатынан көшбасшы болып жаратылғандар. Ия, олармен қиын әрине, бірақ ол әйел заты болсын, еркек болсын, әрқашанда өзіңізді қорғаныңыз бардай сезінесіз. Егер еркек тоқты болса, тәуекелге барып, мақсатқа жетуге бейім тұрады, ал әйел заты серіктесіне жақсы ойларын, кеңестерін беруден еш жалықпайды. Ал мансап қуғандарына еш кеңестің де қажеті жоқ, ненің қажеттігін өздері біледі.
Сарышаянның батылдығы белгілі бір шешім қабылдауда емес, экстремалды жағдайларда көрінеді. Өмірден ләззат алу үшін әлсін-әлсін адреналин алып отырулары қажет. Ондай кездері төбедегі арқан тартылған жолдан түсе салу олар үшін түк те емес.
Қорытындылай келе, әр жұлдызнама белгісінің мықты әрі осал тұстары түрлі жағдайлардан көрініс тауып отыратындығын айтқан орынды. Алайда барлығымыз адам қандай жұлдызнамаға тиесілі болса да әрқайсымыз өзінше тұлға екенімізді, жаман да, жақсы да қасиеттерге ие екенімізді білгеніміз дұрыс. Сондықтан да өзеріңізді жақсы көріңіздер, өзіңізге қалай қарайсыздар, өзгеге де солай қарауға кеңес береміз.
http://reactor.inform.kz/
26 қараша 2018 ж. 6 902 0