Алматы облысында дәрігерлер 3 айлық сәбидің дертін таба алмай отыр

Беті суланған жара жарылып, орны ауырған сайын сәбиі шырылдап жылайды. Киім тисе де жараны ауыртатын көрінеді. Ыстыққа жарасы одан сайын көбейіп кететін болған соң, сәбиін салқында ұстапты. Салқын температурадан нәрестенің өкпесіне суық тиіп, анасымен бірге Талдықорғандағы ауруханаға жатқызылды.
«Сәбидің денесіндегі жара әлі де көбейіп жатыр. Эксфолиативный дерматит деген диагноз қойылды. Әлі де тексерілуі керек», – дейді Алматы облыстық балалар ауруханасы бас дәрігердің емдеу жөніндегі орынбасары Ляззат Сламекова.
Диагнозы нақтыланбаған сәбиді ауруханадан шығарады. Анасы сәбиіне үйде күтім жасайды. Баласын қайда апарып қаратарын білмей дал. Қолында қаражаты жоқ ана көпшіліктен көмек сұрайды.