Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ БОЙЫНША ЕҢ ЖАҚСЫ КҮЙЕУ ҚАЙСЫСЫ?

ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ БОЙЫНША ЕҢ ЖАҚСЫ КҮЙЕУ ҚАЙСЫСЫ?

12 орын — Егіздер
Бұл бары жоғы белгісіз күйеу. Керек кезде жаныңнан табылмайды, ал қажеті жоқ кезде қуып та кетіре алмассыз. Құмар ойындарға берілген, ішімдікке әуес, тіпті қатынқұмар. Сағынып, қарны ашқасын сіздің үйіңізге келгендей. Қарызға ақша бере тұрмайсыз ба? Жалпы алғанда, бұл қорлықтарға шыдаудың үш себебі ғана бар, олар: 1) ол — төсек ләззатының құдайы; 2) ол ерекше ақылды; 3) ол — төсек ләззатының құдайы, ия, тағы да!

11 орын — Балықтар
Егер балық-күйеу бір нәрсені қалап тұрса, оған міндетті түрде берген дұрыс. Оның қалайтыны - жабайы түрдегі төсек ләззаты, борщ және анасының қамқорлығы. Бәрін бірден қалайды. Яғни, балықпен оның анасындай болып өмір сүрген орынды. Қамқор әрі жақсы көретін анасындай, керек кезде ұрып та алатын, ұрсып та алатын... Әлемде өз әйелдеріне адал балықтан артық адам жоқ сірә, таппайсыз.

10 орын - Мерген
Мерген романтиканы да ұнататын, батыр, сабырлы, қамқор әке, тамаша күйеу, онымен бірге тұрудың өзі бақыт. Иә, егер құлағыңызды жауып, көзіңізді байлап, мен үйімде отырмын десеңіз ғана. Көптеген әйелдер мергендердің қатынқұмар екенін сезбей қалып та жатады.  Ерте ме, кеш пе, мерген іші пысса, тағы бір мәрте үйленуге бар. Сол себепті де, мергенге күйеуге шығар алдында төлқұжатын тексеріп, сіз оның нешінші әйелі болғалы отырсыз, білгеніңіз дұрыс. Оның үйленуден де шаршаған болуы әбден мүмкін.
 
9 орын - Сарышаян
Қатал күйеу. Екі пікір ғана бар: біреуі - өзінікі, екіншісі - дұрыс емес пікір. Теріс пікірі бар әйеліне жұмақтың төрінен орын әпереді. Ал жақсы пікірі қалыптасқан әйелге тамаша өмір сыйлауға қабілетті. Дұрыс пікірдің болуы да маңызды емес, шынтуайтында. Ең бастысы - ойыңды жеткізіп айта білу. Бәріне ұқыптылықты талап етеді, үйге де, тамаққа да, өйткені шыдамсыз.

8 орын - Шаян
Өзгеге үлгі күйеу: келбетті, жомарт, қамқор әке, отбасын асырай алады. Әйелін алақанға салып ұстайды, құрметтей біледі. Шынында, сырт көзге ғана. Үйге келгенде кереуетті иеленіп, сыраны ашып жіберіп, теледидар қарап, асқабаққа айнала кетеді. Егер кереуеттен таппасаңыз, теріс жолға түскені, бір қулығы бары анық. Десе де, әйелі бұдан әрдайым бейхабар жүреді, шаяндардың құпиялылыққа шамасы жетеді.


7 орын - Тоқты
Ұрысқақ, өзімшіл, дөрекі, доңыз. Оның сүйікті кереуетінің астынан тек қана сасық шұлықтарды ғана емес, желінбей қалған пиццаны да, бас жазатын Димонды да  табатын шығарсыз. Бұл кім дерсіз? Ең жақын досы! Кеше танысқан... Тоқтыны үй жағдайында балаларға не мысыққа ие бол деп қалдыруға болмас, аш қатырады. Есесіне тоқты өзінің әйелінің ең керемет екеніне әрдайым сенімді жүреді.

6 орын - Суқұйғыш
Ортаңғы орындар суқұйғышқа тиесілі. Бұл да өте қарапайым күйеу. Бар тамақты талғамай жей салады, алған ақысын үйге әкеледі, еш қиындық туғызбайды. Өзінің қиял әлемінде, Моңғолияның ішінде қазба жұмыстарында өмір сүретіндей. Егер қадалған жерден қан алып отырсаңыз, бақуатты өмір сүргізу де қолынан келетіні ақиқат. Сөйте тұра, мінезінің жеңілдігі, әзіл-қалжыңы бәз баяғы қалпында, өзгеріссіз қалады.

5 орын - Торпақ
Адал әрі қамқор күйеу. Бәрі де отбасы үшін, бәрі де сүйікті әйелі мен қара домалақтары үшін. Ешқашан сатып кетпейді. Жарына адал. Адал бола білсеңіз, ол да қолындағыны аямайды, тапқан дүниесін бәрін үйге тасиды. Әрдайым бәріне дән риза кейіпте жүреді. Адал, шыдамды, жомарт.
 
4 орын - Таразы
Романтик мырза. Үйленгеніне қанша жыл болса да, мейлі бес жыл, мейлі жиырма жыл өз сүйікті жарына махаббатын, сезімін білдіруден еш жалықпайды. Өлім ажыратпаса, өмір ажыратпайды сүйіп қосылған қосағынан. Әйел затын, құпиясын сезіп-көріп жүреді, сондықтан да ештеңені түсіндірудің оларға қажеті жоқ.  Әйелінің өмірін романтикалық ертегіге айналдыратын тамаша күйеу. Ал артынан қалған өз тәрелкесін жууды ол ешқашан үйренбес. 

3 орын -Тауешкі
Құрметті үшінші орын міндетті түрде тауешкіге тиесілі, мұндай жан кездессе көзді жұмып, етегінен ұстаған жөн. Алдымен көз салған бәсекелестердің көзін құртумен айналысқан дұрыс. Өйткені тауешкі парасатты, әдемі, адал, жайдары, мейірбан, қамқор секілді қасиеттерін қарттық кезеңге дейін өзгеріссіз алып жүретін белгі. Басты - үйленгісі келмей, көп жүріп алады. Ал мұндай белгіге тиесілі жан сөз айтты ма, сіздің қамқор батырыңыз жаныңызда дей беріңіз. Тұрақты адам.

2 орын - Арыстан
Қамқор күйеу. Арыстандар сирек кзедесетін сұлулығы бар таптырмас жандарға үйленеді. Әйелін бала секілді еркелетеді, алақанына салып күтеді, қолынан жетектеп қайда барғысы келеді, сонда апарады. Арыстанға күйеуге шығу дегеніңіз біреуге қызындай болу деген сөз. Алайда арыстанға үнемі мақтау сөз айтып отыру керек. Ондай сөз айтылмаса, бір күнде гүлдей солып, күтімнің бәрі де жоқ болады.
 
1 орын - Бикеш
Қол орамалдарыңызды шығара беріңіздер, қыздар: бикеш-күйеу – мистер Дарси десек те болады: ақылды, келбетті, тәрбиесі де тамаша. Ақшаны да жақсы табады, тамақты да дәмді әзірлей алады, шаңсорғышты пайдаланудан да шаршамайды, сәбиді бәрінен жақсы қарайды. Бикеш-күйеу ешқашан сізді сатып кетпейтін, жаныңыздан табылатын сенімді серіктес.  Ал енді ащы шындығына келер болсақ, бикештер үміттің бәрі де өшкен кезде ғана, «мына бейбақ менсіз қаңғырып кетер» деген оймен үйленеді. Сондықтан да егер сіз керемет Бриджит Джонс болмасаңыз, сізге мүмкіндік те тумасы белгілі.
/reactor.inform.kz
13 желтоқсан 2018 ж. 892 0