Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ: 2019 ЖЫЛЫ НЕГЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН ДҰРЫС

ЖҰЛДЫЗНАМА БЕЛГІСІ: 2019 ЖЫЛЫ НЕГЕ КӨҢІЛ БӨЛГЕН ДҰРЫС

Міне, 2019 жыл да еніп,өз міндетіне кірісіп те кетті, ендігі кезекте жұлдыздар барлық жұлдызнама өкілдеріне осы жылы нақты неге көңіл бөлу керектігі туралы ақпарат бермек.1.Тоқты

Жібермей етегінен жармасқан нәрсеңізді босатуға кеңес береміз, өмірдің өз ағынымен жүруіне мүмкіндік беріңіз. Бұл сіздің жылыңыз. Кез келген әр сынақты қасқая қарсы тұрып күтетін кезіңіз. Көзден аққан жасыңызды 2018 жылға қалдырыңыз,  2019 жылы қуаныш пен бақытты иеленіңіз. Нені қалайсыз, соған етене көңіл бөліңіз, сонда бәрі де өз ретімен орындалатынын байқайтын боласыз.

2. Торпақ

Сіз үшін жаңа шығармашылық кезең туады, бұған сеніңіз. Сіздің маңдайыңызға жазылған дүниелер міндетті түрде орындалады, жеңіл келеді, сол себепті жағдайды түзеуге тырысып, асықпаңыз. Шыдамдылық танытыңыз, көп ұзамай сізді мазалаған сауалдардың жауабын алатын боласыз.

3. Егіздер

2019 жылы медитация тәжірибешілері сіздің әлемді ұғынуыңызға көп мүмкіндік береді. Осы жылы оқыс саяхатқа шығуға дайын болыңыз, өз дүниетанымыңызды кеңейтетін кез келді. Сіз үшін бұл танымды әрі пайдалы жыл болмақ, өзіңізге және мүмкіндігіңізге сеніп үйреніңіз.

4. Шаян

Сізге серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға уақыт жетті. 2019 жыл – әл-ауқатыңыздың молаятын, толысатын кезі, десе де сараңдық танытпай, айналаңызды ойлап, жандандырып жүріңіз, бұның сізге болашақта көмегі тиеді.

5. Арыстан

Бұл жылы жалқаулыққа бой алдырмасаңыз, қолыңыздан бәрі де келетін жыл. Өзіңізге сенімділігіңіз сондай, күшіңіз бен энтузиазмыңыз толы, мақсат қоя біліп, істі бастаңыз. Бұл сіздің биіктен көрінуіңізге мүмкіндік беретін дәл сіздің уақытыңыз екенін ұмытпаңыз. Сіздің сөзіңіздің маңызы жоғары болады, сондықтан да әр сөзіңізді жақсылап ойланып, салмақтап айтқаныңыз орынды.

6. Бикеш

Бұл жылы сіздің жұмысыңыз көп болмасы белгілі, алайда жұмыстан қорқатын сіз емес. Бұл сіздің қолыңыздан не келетіндігін айналаға дәлелдейтін уақыт екенін ұмытпаңыз. Өткен жыл сізді  керексіз сезінуге мәжбүрлеген болар, десе де бұған назар аудармаңыз. Өзіңізді жақсы қырынан көрсетуге талпынысыңыз жоғары болсын.

7. Таразы

Жаңа жерлерді зерттеу биылғы жоспарыңызда болуы тиіс, егер саяхат жасауға қаржы жетіспей жатса, шеберлік сағаттарына немесе арнайы курстарға жазылыңыз. Алдымыздағы 12 ай сіз үшін білімді кеңейтіп, түйсікті дамытатын уақыт. Өміріңізді жақсы арнаға бұру үшін дәл осы кезеңді пайдаланыңыз.

8. Сарышаян

2019 жылы тіліңізге абай болып, ауызға келгенді айта бермей, өзіңізді сырттай бақылағаныңыз абзал. Сіздің сөзіңіз біреуге ауыр тиюі немесе қарым-қатынасыңызға кедергі келтіруі мүмкін. Бұл жыл сіз үшін түйсік пен танымды дамыту жылы болып есептеледі, және де бұрыңғы жараны емдеу болып танылады. Сақ болыңыз, мейірімділік танытыңыз.

9. Мерген

Сіздің басты назарыңыз бұрын бұзылған нәрсені қалай жөндеу керек не алмастыру керек дегенге саятыны белгілі. Соңғы жылдары көп нәрсені үйрендіңіз, сондықтан да көп жұмысқа дайын болыңыз, өзіңізді өзгертуге де. Ақыр соңында, иығыңыздан жүк түскендей әсер кешесіз. Келген мүмкіндіктерді пайдалану үшін күресуге де дайын болыңыз.

10. Тауешкі

Өткен жыл сіз үшін сынақ болды, соңғы айлары тіпті сізді мезі қылғаны бар. Алайда бұл сіздің бұдан сабақ алуыңызға берілген уақыт деп ұғыңыз. Бұл кезең де аяқталды, сондықтан да жыл бойы нұрын төгетін тағдырдың тамаша тартуына ие болыңыз.

11. Суқұйғыш

Сіз әлемнен тұмшаланып, қуат көзін толтыруға тырысқан батарейлер секілді көрінуіңіз мүмкін. Бұл сіз үшін сараптайтын, өткен-кеткенді бағамдайтын, оқып, танымдық өрісті кеңейтетін жыл. Түс көру де сіз үшін бағыт берер маңызды құбылыс болмақ.

12.Балықтар

2019 жылы қарым-қатынас сіз үшін маңызды бола түспек. Достық пен отбасы құндылығын ұғына бастайсыз. Қарым-қатынас бірінші орынға көтеріліп, сізге сәйкес еместері ығыстырыла түседі. Сіздің мықты әрі тұрақты болуыңызға жағдай қалыптасды. Өзін-өзі дамыту кезеңі белең алғандықтан, суқұйғыштар секілді сізді де жақсы өзгерістер күтіп тұр.
reactor.inform.kz
11 қаңтар 2019 ж. 1 481 0