Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде аралас жекпе-жектен кейін боксшы қайтыс болды

Ресейде аралас жекпе-жектен кейін боксшы қайтыс болды

Қайғылы оқиға Ресейде аралас жекпе-жектен өткен жарыста болды, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Амур облысындағы жекпе-жек кезінде 16 жастағы жасөспірім басынан соққы алып, қайтыс болды.

Ережеге сәйкес, кәмелетке толмаған барлық қатысушылар боксқа ашық түрдегі дулыға киюге міндетті болды. Алайда судья жасөспірімге онсыз жекпе-жек өткізуге рұқсат берді.

Басынан алған соққыдан жігіт құлап, есінен танып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Ресейдің ММА одағы мен тергеу органдары бұл оқиғаны тексеріп жатыр.
05 маусым 2023 ж. 1 004 0