Головкин жекпе-жектерден шеттетілді

BoxRec.com сайтының ақпары бойынша, боксшының жекпе-жектерден шеттетілу мерзімі белгіленбеген.
Алайда бұл тек медициналық қажеттіліктен туындаған шешім – спортшыға ауыр жекпе-жектен кейін денсаулығын қалпына келтіру керек.
Сондай-ақ, жекпе-жекте қабағы жыртылған Сергей Деревянченконың да жұдырықтасудан шеттетілгені белгілі болды.Еске сала кетейік, бұдан бұрын Головкиннің жекпе-жек кезінде жарақат алғаны хабарланды.
12 раундқа созылған тартысты жекпе-жекте төрешілердің бір ауыздан қабылдаған шешімі бойынша отандасымыз жеңімпаз атанды.