Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында екінші курс студенті суға батып кетті

Қызылорда облысында екінші курс студенті суға батып кетті

Қызылорда облысында 20 жастағы жігіт өзен суына батып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, оқиға 29 маусымда кешке Қармақшы ауданындағы 102-разьезд тұсында болған. Жігітті құтқару мүмкін болмаған.
Марқұм - осы ауданның тұрғыны. Облыс орталығындағы университеттің екінші курсында оқып жүрген. Қазір сүңгуірлер оның денесін іздестіріп жатыр.

Айта кетейік, бұл - өңірде жыл басынан бері ажалы судан келген он алтыншы адам.

Назерке Саниязова
02 шілде 2023 ж. 672 0