Қызылордада науқас белгісіз жағдайда аурухана балконынан құлап мерт болды

Иллюстративті сурет ашық дереккөзден
Басылым мәліметінше оқиға 6 тамызда орын алған. Науқас белгісіз жағдайда балконнан құлап кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның себебін анықтап жатқанын атап өтті.
Қызылорда қалалық полиция департаменті әйелдің өлімін растады. Полицейлер "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайды.