Телефонға жауап берген баланың сөзі басшыны тығырыққа тіреді

— Сәлем! Әкең үйде ме? – деп сұрады басшы.
— Иә, — деп жауап берді бала.
— Мен ол кісімен сөйлесе алам ба?
— Жоқ.
Баланың бұл жауабына таңғалған жігіт: — Ал анаң үйде ме? — деп сұрайды.
— Иә.
— Ал онымен сөйлесе аламын ба?
— Жоқ.
Баланың бұл сөзінен соң компания басшысы ойланып қалды. Ол баладан үйде басқа ересек адамдар бар ма деп сұрайды. Сонда бала:
— Иә, бар. Полицейлер бар, — деп жауап берді.
— Ал мен полицейлермен сөйлесе аламын ба?
— Жоқ, олардың қолы тимей жатыр.
— Сонда не істеп жатыр?
— Олар менің ата-анаммен және өрт сөндірушілермен сөйлесіп жатыр.
Түк түсінбеген жігіт телефон тұтқасының арғы жағынан қатты шуды естіп: — бұл не шу? — деп сұрады.
— Вертолет, — деп жауап берді оған бала.
— Онда не болып жатыр? Түк түсінбедім? – деп жауап берді таңғалған жігіт.
— Құтқарушылар келген тәрізді. Олар жаңа ғана тікұшақтан түсіп жатыр.
— Олар не істеп жүр? Кімді іздеп жатыр? — деді алаңдаған жігіт.
Ал бала болса— МЕНІ!, — деп жауап берді.