Сырдария өзеніне батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды
Түркістан облысы Отырар ауданының Көксарай елді мекені маңайында Сырдария өзенінің суына батып кеткен 10-ыншы адамның мәйіті табылды, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін сағат 10:40 шамасында құтқарушылар кәмелетке толмаған жасөспірімнің мәйітін судан алып шыққан.
Айта кетейік, суға батқан 11 адамның 10-ы табылып отыр. Енді тағы бір кәмелетке толмаған жасөспірімді, яғни, суға батып кеткен 11-інші адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Іздестіру шараларына жалпы 150 бригада, 16 техника, 6 жүзу құралы жұмылдырылды.
Еске салсақ, бір әулеттен шыққан 4 отбасының мүшесі дарияға демалуға келіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталғаны мәлім.