Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

:Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті
Фото: Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі
Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырамында болды.

    Шиелі ауданынан Ресейге бет алған «Volvo FH» шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі - тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.


10 қыркүйек 2023 ж. 2 407 0